Шымкентте өткен қаралы митингке мыңнан аса азамат қатысты

440
Қаралы митингінің барысы
Қаралы митингінің барысы
Қаралы митингінің барысы

Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылардың қаза болуына байланысты бүгін қаралы митинг өтті. Шараны облыс әкімдігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Оңтүстік» аймақтық басқармасы ұйымдастырды. Еске алу шарасына марқұмдардың туған-туыстары да қатысты.

Әділхан Нұрсейтов, ауған соғысы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары
Әділхан Нұрсейтов, ауған соғысы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары

Қала орталығында орналасқан «Абай» саябағындағы шекарашылар монументіне жиналған жұртшылық 1 минут үнсіздік жариялады. Бұл үнсіздік Шымкенттің түбінде ұшақ апатында қаза тапқан шекарашыларды еске алу. Ұшақта болған 27 адамның барлығының аты-жөні жазылып, шырақ жағылды. Ауыр қайғыны аза тұтып, жиналғандар тіпті көздеріне жас та алды.

Әділхан Нұрсейтов, Ауған соғысы ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары: «Мен Тұрғанбек Стамбековпен Тәжікстан шекарасында бірге әскери қызмет еттім. Тиянақты, жұмысына жауапты жан еді. Қайғысына ортақпын. Қаратас түскен жеріне ауыр. Сондықтан шекарашылардың туыстарының қайғысына ортақпын».

Шекара қызметінің "Оңтүстік" басқармасында өткен қаралы жиын
Шекара қызметінің «Оңтүстік» басқармасында өткен қаралы жиын

Шекара қызметінің «Оңтүстік» басқармасында өткен қаралы жиынға опат болған боздақтардың туыстары мен әріптестері жиналды. Мұнда қызмет бабымен жүріп, қапыда қаза тапқан Шекара қызметінің директоры міндетін атқарушы, полковник Тұрғанбек Стамбеков бастаған бір топ офицерлердің суреттері қойылған. Марқұмдардың әріптестері күні кеше ғана ел шекарасын күзетіп жүрген қаруластарын қабырғалары қайыса еске алуда.

Әріптестерінің қазасы қабырғасын қайыстырды
Әріптестерінің қазасы қабырғасын қайыстырды

Ғани Махмудов: «Бұл орны толмас қайғы. Олар енді қайтып келмейді. Бәрінің өзіндік орны бар. Адами қасиеттері ерекше, жауапты, адал, ізденімпаз ең бастысы қарапайым азамат еді. Қызметтес болдық, бұйрықты бірге орындадық. Артында қалған отбасы, жақындырына қайғыра көңіл айтамын».

Қазаны естіп, Қызылордадан келген Дариға Шұқанова қайғыдан қара жамылған. Опат болғандардың арасында оның жұбайы да бар. Аманбек Пердешбекұлы Шұқанов осыдан 4 ай бұрын Оңтүстік өңіріне қызмет бабымен ауысып келген болатын.

Марқұм Аманбек Шоқановтың жары
Марқұм Аманбек Шүқановтың жары

Дариға Шұқанова, марқұм Аманбек Шұқановтың жұбайы: «артында екі баласы, бір қызымен бір ұлы қалды. Ұлым әлі сенбейді, кішкентай әлі. Мама қорықпа сізді енді мен қорғаймын деп қояды. Қазақстанның бүкіл өңірінде болдық. Осы оңтүстікке келгенде қуанып едік, қуанышымыз көпке созылмады».

Қаралы жиын барысы
Қаралы жиын барысы

Қазір бүкіл Қазақстан бойынша қаза тапқан сарбаздардың отбасылары мен туыстарына барынша қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл мақсатта шекарашылар бір күндік жалақыларын да бөлді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Bsdx3-P2NBM[/youtube]