Таңертең кезекшілікті қабылдап алған Арапат Абдурахманова үздіксіз түскен қоңырауларға жауап беруде. Хабарласқандардың басым бөлігі табиғи газдың қысымы төмендеп кеткен деп шағымданады. Нақты айтқанда табиғи газбен жылынатын қаланың іргесіндегі Қайтпас, Айқап, Түркістан шағынаудандарының тұрғындары.
Арапат Абдурахманова, қалалық диспетчерлік қызметтің қызметкері: «Сенбі күнгі кезекшілігім тым ауыр болды. Күн күрт суып, газдың қысымы да төмендеп кетті, салдарынан тұрғындар баспаналарын жылыта алмай әбігерге түскен. Қоңыраулардың көбісі табиғи газдың қысымына қатысты болды. Демалыс күндері 104 телефоны бойынша хабарласу мүмкін болмады».
Осылайша қарапайым халықтың шағымын тыңдар ешкім болмады. Себебі «ҚарТрансГаз» мекемесіне қалалық әкімдікке қарасты диспетчерлік қызметтің кезекшілері де хабарласа алмады. Ғалия Алматова үйіндегі жеке жылыту қондырғысын бар күшімен қосқанымен, үйдің іші әлі де салқын дейді. Аязды күндері мойымыз жылымай қойды ғой деп ашынады зейнеткер.
Ғалия Алматова, Арық көшесінің тұрғыны: «4-5 күн болды, газ азайып, әбден әбігерге түсудеміз. Бұрын пешімізді 0-де ұстайтын едік, қазір максимумға қойдық. Жылынатын түрі жоқ, үйіміз суық».
Көгілдір отын қысымының төмендеуі жайында газ шаруашылығының мамандары тіс жармады. Айтуларынша, ол саяси мәселе кһрінеді. Жағдай ушығып кетпесін деген болар. Қайткенде де неліктен газдың қысымы төмендегенін дөп басып айтуға асықпады.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=W0WXO1hgNm4[/youtube]