11 жасар баланың өліміне кінәлілер әлі күнге жазаланбай келеді

327
Марқұмның әкесі сол күнді езіле еске алады
Марқұмның әкесі сол күнді езіле еске алады
Марқұмның әкесі сол күнді езіле еске алады

Сайрам ауданында 11 жастағы жеткіншек ауыл орталығындағы дүкен маңында салбырап тұрған электр желісіне тиіп кетіп, қайтыс болған. Алайда қайғылы жағдайға он ай өтсе де жауаптылар жазаланбай келеді. Сорақысы сол аудандық прокурорлар әлі күнге кінәлілерді анықтаумен жүрсе, аудандық ішкі істер қызметкерлері қылмыстық істі тоқтатып қойыпты. Ашынған ата-ана енді тек Елбасыға шағым түсруден басқа амал болмай тұрғанын айтады.

Куәгерлердің айтуынша, тек осы сауда орнына ғана тиесілі желінің сымы жерге салбырап тұрған екен. Жан жағы қоршалмаған дүкен қожайыны оған мән бермеді, — дейді ауыл тұрғындары.

Қасымбек Пернеев, ауыл ақсақалы: » Проводтың салбырап тұрғанына үш ай, төрт ай болды. Бұны неге жиып алмайсың деп біз айттық. Бірақ егесін таппадық. Біресе мына жаққа, біресе мына жаққа қашып кетеді».

Міне, осындай салғырттықтың салдарынан бір отбасы қара жамылып қалды. 11 жасар Сәбден тоқ соққан жерде тіл тартпай кеткен. Істің мәнісін анықтау үшін тәртіп сақшылары оқиға орнына келіп тексеру жүргізген. Бірақ әлі қортынды жоқ. Ал, баланың ата-анасы ешкімнің жазаланбағанына ашынады.

Ұлша Көшерова, марқұмның анасы: «Әжептеуір болып, өрімдей боп көзге көрініп өсіп қалған ұлым, табан астында айырылып отырмын. Облыстық прокуратураға да, аудандық прокуратураға да, генпрокуратураға да арыздандық. Ешқандай шешім қабылданған жоқ. Еш болмаса бізге міне мынандай шешім қалданды деп, хабар да берген жоқ. Ешқандай әділдік жоқ деп ойлаймын».

Ал, дүкен қожайыны «бұл оқиғаға менің кәнім жоқ» деп ақталады. Айтуынша, электр сымы дүкенге ғана тартылғанымен, оған аудандық электр желілері торабы жауапты.

— Ол мемлекеттікі. Ол столбыда үйіңізде шлюстикке дейін мемлекет жауап береді. Бұған дело ашып, РЭС ке штраф салу керек. Жарқынбек пен следовательдің алдында да болдық. Прокуратурада да болдық.
— Ол линия сіздікі емес па сонда?
— Ол маған келгенімен мен жауап бермеймін ғой оған.

Сайрам аудандық прокуратурасы
Сайрам аудандық прокуратурасы

Осы оқиғадан кейін Сайрам аудандық ішкі істер басқармасы қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастаған. Бірақ арада тоғыз ай өтсе де, бала өліміне кінәлілерді анықтау қиынға соғып тұрған көрінеді.

Арман Қыпшақбай, Сайрам ауданы прокурорының көмекшісі: » Екі кәсіпорын арасында ешқандай келісім-шарт болмай жатыр. Қандай келісім-шарт болғандығы осы таңға дейін бізге беймәлім болып жатыр. Сол себепті нақты кімнің жауапкершілігінде екендігі әлі анықталмай жатыр».

Ал өңірді жарықпен қамтамасыз етіп отырған «Оңтүстік Жарық» мекемесі кәсіпкермен ешбір келісім-шарт жасаспадық деп отыр. Керісінше, дүкен қожайынының жарық ұрлап келгенін осы қайғылы жағдайдан кейін анықтапты. Әрі артынша оның сауда нысанын жарықтан мүлдем ажыратып тастаған болып шықты. Десек те, жалғыз перзентінен айырылған ата-ана енді басқа құзырлы органдарға шағымдану үшін Астанаға аттанбақ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=GDzNiqrJdiY[/youtube]