Полицейлер сотталды

398
Полицейлер де сотталады
Полицейлер де сотталады
Полицейлер де сотталады

Сарыағаш ауданданында күдікті азаматқа қылмысын күштеп мойындатпақ болған үш полицейге қатысты сот үкімі шықты. Құркелес ауылының тұрғынын тәртіп сақшылары ұрып-соққан. Тіпті, басына газтұтқыш кигізіп, әбден қинапты. Ақыры дәлел таппаған соң босатқан көрінеді. Содан кейін бұл азамат прокурорларға шағымданып, нәтижесінде полицейлердің қылмыстық әрекеті толығымен дәлелденді. Жақында тергеу қортындысы негізінде сот үкімі шықты.

Руслан Әбдіраймов, ОҚО Прокуратурасы 10-шы басқармасының бастығы:» Жедел уәкілге белгіленген бап бойынша қылмыстардың жиынтығымен үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы, сонымен қатар жазасын түзеу колониясының жалпы режиміндегі өтеу деп белгіленді. Ал екі учаскелік инспекторға берілген баппен баппен айыпты деп танылып, әрқайсысы екі жыл алты айдан бас бостандыған айыру жазасы белгіленді. Жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады».

Осылайша әлімжеттік жасаған тәртіп сақшылары жазаға тартылды. Сотталғандар сондай-ақ шендерінен де, құқық қорғау органдарында қызмет көрсету құқықтарынан да айырылды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=5LOHzt7Bs0A[/youtube]