Тараз қалалық соты қайтыс болған адамның екі қызының мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады. Талап қоюшылар Норвегияда тұрақты тұратындығын, 2024 жылдың қазан айында қайтыс болған әкесінің қайтыс болғаны туралы тек 4 айдан кейін ғана білгендерін түсіндірді.
Құжаттарды рәсімдеу кезінде талап қоюшылар бюрократиялық сипаттағы кедергілерге тап болды – нотариус мұрагерлердің тегі ағылшын тілінде көрсетілген сенімхаттарды қабылдаудан бас тартқан. Осыған байланысты нотариус оларға мұрагерлік құқығы туралы куәлік беруден де бас тартты. Сот талап қоюшылардың жауапкермен бірге бірінші кезектегі мұрагерлері болып табылатынын және бірінші кезектегі басқа мұрагерлердің жоқ екенін анықтады.
Жауапкер (мұрагердің үшінші қызы) талап қоюды толық мойындап, оны қанағаттандыруға қарсы болмады. Сот, ұсынылған дәлелдемелерді бағалай отырып, мерзімді өткізіп алу себептерін дәлелді деп таныды, өйткені талап қоюшылар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрады, мұра қалдырушының қайтыс болғаны туралы мәліметтерді уақтылы алмаған және құжаттарды ресімдеу кезінде объективті кедергілерге тап болған. Сот шешімімен талап қоюшыларға мұраны қабылдау мерзімі қалпына келтірілді және олар әкесі қайтыс болғаннан кейін мұраны қабылдады деп танылды. Шешім заңды күшіне енді.







