Шымкенттегі еңбек биржасында қорғасын зауытының бұрынғы жұмысшыларын кезіктірсеңіз, таңқалмаңыз!

804
Шымкент қорғасын зауыты
Шымкент қорғасын зауыты
Шымкент қорғасын зауыты

Шымкенттегі еңбек биржасында қорғасын зауытының бұрынғы жұмысшыларын кезіктірсеңіз, таңқалмаңыз! Олар екі қолға бір күрек іздеп әлек. Жұмысшылардың 400-ден астамы жаңа жүмыс табамыз деген ниетпен қалалық еңбекпен қамту бөліміне есепке де тұрыпты. Ол кезек қалай жылжып жатыр немесе қорғасыншыларға деген сұраныс қаншалықты?

Қорғасын зауытының аумағында бұрынғыдай абыр-сабыр жоқ, тыныштық орнаған. Өндіріс орнының цехтары 3-4 айдан бері жұмысын түбегейлі тоқтатты. Тек кіре-берісте күзетшіні ғана кезіктіресіз. Оның айтар ұраны бір, кім келседе: » Зауыт мүлдем жұмыс істемейді. сол тоқтаған күйі тұр», дегенді қайталаудан жалықпайды.

Кезінде жұмысы қайнап тұратын алып зауыттың тоқтағанына қорғасыншылардың өзі сенбейді әлі күнге дейін. Қынжылады, жүздеген адам бірден жұмыс орнынан айрылды. Десек те бір жыл бұрын мұнда темір балқытып, қалыпқа қорғасын құйғандар кәсіпорын маңынан бұрылмастан өте шығуға мәжбүр. Қарап отыруға болмайды, барлығы жұмыссыз қалды.

Өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасу барлығына бірдей бұйырмасы анық. Тең жартысы екі қолға бір күрек таппай әлек. Олар өткен жылдың қыркүйегінен бастап, дәл осы еңбекпен қамту бөлімінің алдында жиналуды әдетке айналдырған. Уақыт өткізу үшін емес, жұмыс іздеп келеді.

Бұрыңғы жұмысшылар
Бұрыңғы жұмысшылар

Татьяна Менгулова, зауыттың бұрыңғы қызметкері: «Қанша рет келдік. Ешқандай жұмыс ұсынбайды. Еден жуушы болыңыздар дейді. Жіберген жерлеріне барсақ, бос орын жоқ деп қайтарып жібереді.  Ешқандай нәтиже жоқ. Зейнет жасына келгеніміз бар. Әдемілеп тұрып, түйіндемеңізді тастап кете беріңіз деп шығарып салады. Кейде мамандығыңыз сәйкес келмейді деп жазады барлық жерде».

Ал қалалық еңбекпен қамту бөлімі қорғасыншылардың реніші негізсіз деп, наразылығын жоққа шығарды. Олардың айтуынша, зауыт жұмысшылары шындап келгенде, жұмыс табуға талпынбайды екен. Өйткені қазіргі кезде алып отырған жәрдемақыларынан айрылып қаламыз деп қорқады.

Арман Құлбекұлы, қалалық еңбекпен қамту бөлімінің сектор меңгерушісі: «Бүгінгі таңда ол кісілерді жұмыспен қамту үшін барлық жағдай жасалып жатыр. 50-і тұрақты жұмыспен қамтылса, 34-і қайта даярлаудан өтіп, жұмыспен қамтылады деп отырмыз. Оның үстіне облысымызда бір емес, 38 кәсіпорын орналасқан индустриялық аймақ та бар. Келіс сөз жүргізіліп, босорындар іздестіріп жатырмыз».

Мамандардың пайымдауынша, қорғасыншылар жұмыс іздеу науқанын жәрдемақыларының мерзімі аяқталғанда бастайды. Дәлелге дәйекті сандарын келтіріп отыр. Мысалы, жұмыссыз қалған 639 азаматтың тек 379-ы ғана бас көтеріп, 50-ның ғана жұмысбасты болғанын алға тартты.

Айта өтейік, осы уақыт ішінде 14 қорғасыншы зейнетке шығып үлгерген, еңбекпен қамту бөлімінің есігін қағып жүрген енді бір бөлігі зейнет жасына жақындаған азаматтар екен. Сол себепті де оларға жұмыс табу қиынға соғуда. Ал өздері ұзын сонар кезегіміз жеткенше құрметті зейнетке де шығармыз деп әзілдеп қояды. Жұмыс іздеп жүріп, әзілдегендерді бұрын-соңды көріп пе едіңіз?

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=M23s46JOJvo[/youtube]