Созақтағы шатырлардың 60 пайызы қалыпқа келтірілді

Барлық зардап шеккен шатырларды қалпына келтіру үшін 80 мың шифер қажет екен
Барлық зардап шеккен шатырларды қалпына келтіру үшін 80 мың шифер қажет екен
Барлық зардап шеккен шатырларды қалпына келтіру үшін 80 мың шифер қажет екен

Көп түкірсе көл. Созақтағы қиранды шатырлардың 60 пайызы қайта қалпына келтірілді. Табиғат апатынан үйлері құлап, шатырсыз қалған созақтықтарға көрші аудандар көмектесіп жұмылып жатыр. Қазір аудандағы 8 ауылдық округте 800-ден аса жұмысшы қираған нысандар мен жеке тұрғын үйлерді қалпына келтіруде. Мұнан бөлек облыстағы 20 мердігер компания да сол нысандардың жобалық сметалық құнын жасауға кіріскен.

Созақтағы ағайынның қазір ұшқан үрейі орнына түскен. Дүлей дауыл төңкеріп жіберген шатырлар қайта қалпына келтіріліп, бір мезетте тоқтап қалған мемлекеттік мекемелердің бойына қан жүгірген. Бұл Сызған ауылдық округіне қарасты Қозмолдақ ауылы. Елдімекендегі 190 баспана шатырсыз қалған. Бір мектеп пен ауылдық ауруханада да солардың қатарында. Ауылдағы ағайынға болысып жүрген көрші Түркістаннан келген жұмысшылар.

Сатан Маханов, ауыл тұрғыны: «Свет үш күннің ішінде орнына келді. Әсіресе бағаналары құлап қалған оу высоковольті бар, местный столбалар бар. Высокольттан 70 столба құлап қалған. Оның бәрі орнына келді. Местный столбадан 130 столба құлап қалған. СОның бәрі ретке келді. Қазір свет ойдағылай. Барлық елге свет берілген. Әсіресе мекемелерде свет бірінші берілді».

Жарық уақытында жетті деп жергілікті жұрт бөрікті аспанға атқанымен, ауылдық ауруханадағы жағдай тіпті бөлек. Суық бөлме, қараңғы қабырғаға қамалған науқастар электр энрегиясы мен жылу бар деген сөзбен мүлдем келіспейді.

Фатима Момынова, ауыл тұрғыны: «Кешеден бері свет болған жоқ бұл жерде. Мына жерде жұмысшылар тамақ ішеді. Жұмысшылар тамақ ішкенде очередь күтіп отырам. Түнімен жаурап шықтық. Оны жасыратын ештеңесі жоқ. Несін жасырамыз оның. Ауру болған соң келіп отырмыз ғой».

80 мың дана шифер. Дүлей дауыл есеңгіреткен 2 мыңға жуық баспанаға осынша құрылыс материалы қажет. Мамандар қазір құрылыс заттарының 100 пайыз жеткілікті екенін айтады. Тағы бір анықталғаны зардап шеккен 500-ге жуық баспананың құжаты жоқ. Оның жәйін облыстық қордан жиналған қаржы шешуі тиіс.

Кенжехан Төлебаев – ОҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зiлзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы: «Құрылыс материалдарының ешқандай да бағасы өскен жоқ. Тіпті кейбір мердігерлер магазинде шифердің құны 1000 теңге болса, мысалы мен айтқан болар едім, облыстық мәслихаттың депутаты Данабек мырза 830 теңгеден әкеліп, Аққолтықтағы азаматтарды шифермен қамтамасыз етті. Басқа шифердің құны келісім шарт бойынша 1060 теңгеден болды».

Сөйтіп, Созақтағы зардап шеккен 42 әлеуметтік нысанның 23-і қалпына келтірілді. Ал 2 мыңға жуық жеке тұрғын үйдің 1155-інде енді шатыр бар. Істің басы-қасында жүргендер облыстағы 15 аудан қаладан келген жұмысшылар 50 баспананы жөндеуді міндетіне алған деп сендіріп отыр. Алдағы сәрсенбінің сәтінде қирандының бәрі ретке келмек.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=bayEWNLc2N4[/youtube]