Úı ANONS Шымкенттік мергендер — әлемдік аренада

Шымкенттік мергендер — әлемдік аренада

Шымкентте «Спорт есірткіге қарсы» ұранымен оқ ату біріншілігі аяқталды. Бір апта ішінде спортшылар әртүрлі қашықтықта сайысқа түсті. Турнир ең мықты мергендердің басын қосып, спорттық бәсеке ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау құралына айналды. Біріншілікте Асадбек Назиркульев пен Зухра Ирназарова ең жақсы нәтиже көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанды халықаралық аренада – Эстонияның Таллин қаласында өтетін әлем чемпионатында және Қытайдағы әлем кубогында таныстыратын екі команда жасақталды.

ЗУХРА ИРНАЗАРОВА, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН СПОРТ ШЕБЕРІ: «Бұл жарыста мен бірінші орынды иелендім, нәтижем де жаман емес. Бір жаттығуда бұған дейін қол жеткізген ең көп ұпайымды жинаған шығармын. Ату спортты, жоғары шоғырлануды және психологияны өзара ұштастырады. Енді алдағы беделді жарыста қолымнан келгеннің бәрін жасап, медаль жеңіп алғым келеді».

 Біріншілік қорытындысы бойынша сегіз спортшы Эстонияның Таллин қаласына әлем чемпионаты аттанды. Тағы бес мерген Қазақстанның намысын Қытайдағы әлем кубогында қорғайды. Ұлттық құрама сапына Елизавета Безрукова, София Шульженко, Никита Шахторин, Сауле Алимбек және Артемий Кабаков енді.

НАТАЛЬЯ ЮНУСМЕТОВА, СТЕЛЕУ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША №14 МБЖСМ АҒА ТРЕНЕРІ: «Бүгін бізде «Спорт есірткіге қарсы» ұранымен өткен №14 МБЖСМ ашық біріншілігі аяқталды. Оған ересектер, жасөспірімдер, юниорлар және 2010 жылы туған және одан кіші спортшылар – барлығы үш санат бойынша қатысты. Бұл жарыс бізде әлем кубогы мен әлем чемпионатының дайындық кезеңі ретінде өтіп жатыр. Қазіргі таңда жылжымалы нысана бойынша үздік спортшылар – Назиркульев Асадбек пен Ирназарова Зухра. Олар Алматы облысында өткен ҚР чемпионатынан бастап үздік нәтиже көрсетіп келеді. Сондай-ақ мылтық атудан Безрукова Елизавета, Шульженко София және тапанша атудан Кабаков Артемий көзге түсуде».

Біз Қазақстанның намысын халықаралық аренада қорғайтын Таллиндегі әлем чемпионаты мен Қытайдағы әлем кубогында спортшыларымыздың өнер көрсетуін мұқият қадағалайтын боламыз. Оларға сенімді жеңістер мен лайықты нәтижелер тілейміз.

Ботакөз Әнуар