Қаржы институттары Шымкентке тартылатын инвестицияның көлемін арттырмақ. Қала әкімдігінде өткен жиында олар шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлерді жинап, «ҚазАгроҚаржы» Ұлттық Басқару холдингінің еншілес ұйымдарының қаржыландыру шарттарын түсіндірді. Орайы келіп тұрғанда өз ісін ашуға ниет білдіргендер қолдау сұрады.
Рифкат Сайфутдинов, шаруа: «Менің 4 гектар жерім бар. Оның 1 гектарына жылы жай салмақпын. Кепілдікке қоятын жылжымайтын мүлік те, бос қаражатым да жоқ. Жұмыс істегім келеді. Қандай көмек көресете аласыздар».
Павел Княжев, «ҚазАгроҚаржы» АҚ ОҚОФ директоры: » Сізге жылыжай салып берейік. Алайда, көшеттер мен тыңайтқыштар сатып алуға қаржыңыз жоқ болса қалай жұмыс істемексіз. Кепілдікке жылы жайды қоюға болады. Қолдау сұрап, талап қоюдасыз. Бірақ өзіңізде артық ақша да жоқ. Шаруашылығыңызды қалай жүргізбексіз? Алдын осы мәселені шешіп алуыңыз қажет».
Шухрат Пірімқұлов 6 жылдан бері жылыжай өсіріп келеді. Оның несие алуға мүмкіндігі бар, кепілдікке қоятын мүлігі де табылады. Бұл жолы жылыжайымды кеңейтсем деп келіпті.
Шухрат Пірімқұлов, кәсіпкер: «Жұмысым жаман жүріп жатқан жоқ. 2009 жылы «Максимум»-нан несие алып, оны еш қиындықсыз 3 жылда қайтардым. Қазір енді 1 гектарға ашық жерде жылы жайдың құрылысын бастамақпын. Соған қаржы керек».
Несие серіктестіктері арқылы тиімді шарттармен қаржы алуға болады деген «Аграрлық несие корпорациясының өкілі шағын кәсіпкерлерге бұған қалай қол жеткізуге болатынын түсіндірді.
Кәсіпкер банктен несие алу үшін бума-бума құжат жинайтыны жасырын емес. Енді бұл бағытта кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы көмектеседі. Бұған қоса басқосуда көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру мәселесі сөз болды. Мұнда аграршылар мен биліктің үйлесімді жұмыс істеуі маңызды екені анық.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=nlYfpVAFYH8[/youtube]