ОҚО жол сақшылары сынын түзеуде

320
Жол полициялары іске кірісті
Жол полициялары іске кірісті
Жол полициялары іске кірісті

Облыс басшысының сыннан кейін, шынайы жұмысқа кіріскен жол сақшылары жол апатының алдын-алуға атсалысуда. Себебі өңірімізде бір күннің ішінде 5 бірдей жол апаты тіркеледі екен. Былтырғы жылдың көрсеткіші де жантүршігерліктей. Бір жылдың ішінде 534 адам жол апатынан көз жұмған. Салыстырмалы түрде Израил елін алсақ, апаттан құрбан болғандарының саны үш жүзге де жетпейді.

Арман Әбілдабеков, ІІД ЖПБ бастығының орынбасары: «Рас, жол полициясының жұмысы соңғы кезде көп сынға ілікті. Жол апаты артқа тартқанмен жақсы көрсеткішітерімізде жоқ емес. Біз барлығын түбегейлі жөндеуге көштік. Бастаған ісіміз жол сақшысының абыройын өсіруге де көмек юолмақ».

Бүгінен бастап, облыс бойынша «қауіпсіздік белбеуі»атты акция басталды. Яғни, белбеу тақпай, ережеге бағынбайтындарды жол сақшылары да аямайды. Күндіз-түні шымкенттің әрбір жолында жол испекторлары кезекшілікте тұр. Оларға жас жол инспекторлары да қолғабыс болуда. Жол ережесін сақтап, жол апатын алдын-алуға бір кісідей ат салысуға шақырамыз.