Úı ANONS Шымкентте полиция көңіл көтеру орындарында рейд өткізді

Шымкентте полиция көңіл көтеру орындарында рейд өткізді

фото ШПД
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және есірткі қылмыстарының алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері кезекті рейдтік іс-шара өткізді.
Алдын алу шарасы аясында мегаполистегі бірқатар түнгі клубтар, лаундж-барлар мен өзге де сауық орындары тексерілді. Рейдтің негізгі мақсаты – есірткіге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Іс-шара барысында полицейлер көңіл көтеру орындарын аралап, заңға қайшы заттардың жолын кесу бағытында жұмыстар жүргізді.
Сонымен қатар, мекеме қызметкерлерімен және келушілермен түсіндіру жұмыстары өткізіліп, есірткі қылмысына жол бермеу мәселелері талқыланды.
Полицейлер қауіпсіздік шараларын зерделеп, ойын-сауық орындарының жұмысшыларына есірткі қылмыстарының алдын алу бойынша шаралар туралы айтылды.
Аталған шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.