Шипаннан табылған қаңқа

Тұрмыс құрмаған әйел сол жағымен жерленген

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының қаржыландыруымен «Жүйнек» археологиялық отряды  (жетекші М.Тұяқбаев) облысымыздағы Жүйнек елді мекенінде  археологиялық  зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Бұл маң жергілікті халықтың айтуы бойынша Шипан деп аталады.

Тұрмыс құрмаған әйел сол жағымен жерленген
Тұрмыс құрмаған әйел сол жағымен жерленген

Өкінішке қарай бұл жерлер егістікке пайдаланылып, айналасына мақта, күнбағыс егілген және де бұл жерден 1970-1980 жж. аралығында жер асты ыза суларына арналған арнайы дренаж қазылған болып шықты. Осыған байланыс-ты археологиялық зерттеу жұмыстарын тоғыз жерге барлау қазбасын салу арқылы жүргізуге тура келді.

Зерттеу жұмыстарының барысында 90 см тереңдіктен өте нашар сақталған адамның сүйегі шықты. Адам сүйегі оңтүстік-шығыстан, солтүстік-батысқа қарай аяғы бүктетіліп, сол жағымен жатқызылып жерленген екен. Нашар сақталған бас сүйегінің іздеріне қарап, мүрденің басы оңтүстік-батыс бағытқа қарағанын аңғаруға болады. Сүйектің бас жағынан алтынмен қапталған салпыншақ сынықтары кездесті.

Бұл жерлеу құрылысының жобасын байқау мақсатында мүрде орналасқан жерге ені – 75-80см, тереңдігі – 75-90см  айналдыра тілік салынды
Бұл жерлеу құрылысының жобасын байқау мақсатында мүрде орналасқан жерге ені – 75-80см, тереңдігі – 75-90см айналдыра тілік салынды

Нашар сақталған қоладан жасалынған сынған білезіктер және де жүзік сынықтары табылғанына қарағанда бұл сақталмаған мүрденің қол мүшесі болуы керек. Табылған археологиялық заттай табыстарға қарап, мүрденің қолын кеуде тұсына бүктетіп жерлеген секілді. Сол жанымен бүктетіле жерленген мүрденің ұзындығы – 1,45м. Ал қабір шұқырының көлемі – 1,60х90см. Тізбектеле қойылған қыш ыдыстармен жерленген мүрде бас сүйегінің арақашықтығы 25см. Бұл жерлеу құрылысының жобасын байқау мақсатында мүрде орналасқан жерге ені – 75-80см, тереңдігі – 75-90см айналдыра тілік салынды. Қазба барысында мүрдені 2,30х1,40 көлемде жерді қазып, мүрденің басын есік жағына қаратып, жерлегені белгілі болды. Мүрденің басына қойылған қыш ыдыстардың көлемдері мен ыдыстардың сырт келбеті, безендірілуі және биіктігі әртүрлі болып келеді.

1-ші қыш ыдыс. Биіктігі – 22см, ернеуінің диаметрі – 21,5см, түбінің диаметрі – 12,2см. Құмыраның ернеуінде тіке үш жолақ сызық, ал сызықтың астыңғы жағы қисығынан төмен қараған үш бұрышты жалаушаға ұқсас өрнегі және астыңғы жағында қатарынан тіке үш жолақ сызық қайталанады. Құмыраның бүйірінің жоғарғы жағында тіке үш сызық қайталанады, оның үстіңгі жағында оңға қарай қисайған кішкене сызықшалар орналасқан. Құмыраның бүйірін меандр өрнегімен безендірілген. Құмыраның түбінде оң жағына қисайған үш бұрышты өрнектер орналасқан.

Сол жанымен бүктетіле жерленген мүрденің ұзындығы – 1,45м. Ал қабір шұқырының көлемі – 1,60х90см
Сол жанымен бүктетіле жерленген мүрденің ұзындығы – 1,45м. Ал қабір шұқырының көлемі – 1,60х90см

2-ші қыш ыдыс. Биіктігі – 17см, ернеуінің диаметрі – 15см, түбінің диаметрі – 10см. Құмыраның ернеуінде пирамидаға ұқсас үш бұрышты өрнектер салынған. Құмыраның бүйірі толық шырша тәріздес үш бұрышты өрнектермен, ал құмыраның түпкі жағында пирамида тәріздес үш бұрыш өрнектер қайталанады.

Қыш қазан. Биіктігі – 11,4см, ернеуінің диаметрі – 15см, түбінің диаметрі – 10см. Қыш ыдыста ешқандай өрнектер кездеспейді.

Шипан қорымдарында табылған керамика ыдыстарының жасалу формасы жағынан Орталық Қазақстанның Балқылдақ ІІ кешенінде табылған керамикалық ыдыстарға ұқсас келеді.

Үшінші қазбадан табылған археологиялық табыстарға М. К. Қадырбаевтың «Могильник Жиланды на реке Нуре» атты ғылыми мақаласында, М.К.Хабдулина «Алакульский курган на реке Аксу» атты ғылыми мақаласында, О.А.Позднякова «Проблема интерпретации погребений женщин с головными уборами» атты ғылыми мақаласында кеңінен тоқталады.

Өкінішке қарай бұл жерлер егістікке пайдаланылып, айналасына мақта, күнбағыс егілген және де бұл жерден 1970-1980 жж. аралығында жер асты ыза суларына  арналған арнайы дренаж қазылған болып шықты
Өкінішке қарай бұл жерлер егістікке пайдаланылып, айналасына мақта, күнбағыс егілген және де бұл жерден 1970-1980 жж. аралығында жер асты ыза суларына арналған арнайы дренаж қазылған болып шықты

Жерлеу ғұрпына қатысты И.Н. Хлопиннің, А.В.Виноградов, М.А.Итина, Л.Т.Яблонскийлердің еңбектерінен кең көлемде мағлұмат алуға болады. И.Н.Хлопин «Юго-западная Туркмения в эпоху поздней бронзы» атты еңбегінде жерленген мүрделердің оң немесе сол жағымен жатқызылуы жайында кең көлемде тоқталып кетеді. Әйел адамның сол жағымен жерленуі жерленген адамның тұрмысқа шықпаған немесе дүниеге ұрпақ әкелмегендіктен және олардың басына қойылған ыдыстарға су құйылған деген пікір айтады.

А.В.Виноградов, М.А.Итина, Л.Т.Яблонскийлердің «Древнейшее население низовий Амударьи» атты еңбегінде жеке әйел адамның жерлеуіне байланысты мағлұмат беріп өтеді. Олар сол жағымен жерленген мүрденің, И.Н.Хлопиннің сараптамасына сүйеніп, мүрденің әйел адамға қатысты екенін дәлелдейді. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде аршып зерттелген мүрделердің батыс, оңтүстік-батыс және солтүстік-батыс бағыттарына қарап жерленуі, бұл кезеңнің адамдары алакөл мәдениетімен тығыз байланысты екенін аңғарамыз.

Қорыта келгенде, үстіңгі жағы егістікке тегістеліп кеткеніне қарамастан үшінші қазбадан табылған археологиялық табыстарға толық сараптама жүргізілді және де бұл жәдігерлер әйел адамның әшекей бұйымдары екені толық дәлелденді және бұл ескерткіш қола дәуірінің алакөл кезеңіне б.з.д. ХҮ-ХІІғғ. жататындығы белгілі болды.

Талғат Өсеров, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының қызметкері