«Жасыл» экономика оңтүстіктің әлеуетін көтермек

296
"Жасыл" экономика оңтүстікте талқыланды
"Жасыл" экономика оңтүстікте талқыланды
«Жасыл» экономика оңтүстікте талқыланды

Оңтүстік Қазақстан облысында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың қатысумен «Жасыл экономика» стратегиясын жасап, жүзеге асыру мәселесі талқыланды. Жиында сөз болғандай, күн энергиясының потенциалы жоғары, өзен-көлі көп, үздіксіз жел соғып тұратын өңірде электр энергиясын өндіру мүмкіндігі жоғары. Ендігі мәселе, соны кәдеге жарату.

Нұрлан Қаппаров, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі: «»Жасыл» экономикаға байланысты «жасыл» технологиялар мен инвестицияларды тарту жіті қадағаланатын болады. Бағдарлама жасалып болған соң,  оңтүстікке арнайы тағы да келемін».

Күн, су мен желдің энергиясын пайдалану өңірдің шалғайдағы ауылшаруашылығын өркендетуге де сеп болады. Облыста тау бөктерінен құлай ағатын 132 өзен, 39 су қоймасы бар. Осында шағын су электр стансасын салу жоспарланған. Оған қызығушылық танытып отырған инвесторлар да бар. Екі жылдан соң сағатына 100 МВт электр энергиясын өндіретін жел стансалары салынады.

Абзал ДӘРІБАЕВ, «Шымкент инновация» ЖШС директоры: « Бәйдібек ауданында күн сәулесінен 20 МВт қуат өндіретін электрстансасын салу жоспарымызда бар. Ол электростансасы 2014 жылы іске қосылады деп күтудеміз. Жел энергиясының да потенциалы жоғары».

желден электр энергиясын алу да көзделіп отыр
желден электр энергиясын алу да көзделіп отыр

 

Осындай тың бастамаларды саралай келе Қоршаған ортаны қорғау министрі «Жасыл экономика» бүгінгі таңда елімізді тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму жолына бастайтын ұтымды модель болып отырғанын айтып, баламалы энергия көзін мейілінше дамыту жайын тапсырды.

 

 

 

 

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=uhnQfHoyNk4[/youtube]