Қ.Тұрысбеков қоры «қаңғыбастар»үйінде болды

293
Орталықтың уақытша қонақтары
Орталықтың уақытша қонақтары
Орталықтың уақытша қонақтары

Тағдыр тәлкегіне түсіп, үй-күйсіз қалған жандар үшін де көктем мерекесі әдеттегідей емес, көңілді өтті. Оларды уақытша оқшалау орталығына Қауысбек Тұрысбеков атындағы қайырымдылық қорының жомарт жандары барып, бір қуантты. 60-ға жуық азамат киім-кешектен бастап, қажетті заттарына дейін сыйлық алды.

Сыйлық қорабында керектінің барлығы бар: киім-кешек, аяқ киім, жеке гигиенаға қажетті құралдар. Мерекелі күнге сыйлығын арқалай барған жомарт жандарды орталықтың уақытша тұрғындары қуана қарсы алды. Солардың бірі Лилия Миронова. Бұл жердің бес жылдан бері тұрақты тұрғыны атынып кеткен азаматша мұндай қонақтарды орталықтан алғаш көрген.

Мұндағы нәзік жандылар да  сыйлықтан кенде қалмады
Мұндағы нәзік жандылар да сыйлықтан кенде қалмады

Лилия Миронова: «Ерекше күн. Бізді ойлайтындар да бар екен. Бізге көңіл бөлетіндер онсызда аз. Бір күн болса да қуанып қалдық».

Қайырымдылық қоры мұндай орталықтарды назарға алмайды. Сондықтан да сыйлықтарын арқалай келгендерді алғаш көрдік дейді қызметкерлердің өзі. Үй-күйсіз жүрген 60 шақты азамат, бір сәтке болса да өздерін бақытты сезініп, Тұрысбеков қорының арқасында жүздеріне күлкі үйрілді.

Көктем мерекесімен қор мүшелері құттықтай барды
Көктем мерекесімен қор мүшелері құттықтай барды

Салтанат Тұрысбекова, қордың өкілі: «Жақындарының мейірім-шапағатынсыз қалғандар да -адам. Олар да -әйел. Кезінде оларда барлығы болған. Оларда біреулерге көмектескен. Сондықтан мұндағыларды ұмыт қалдыруға болмайды. Бұл біздің азаматтық парызымыз».

Мерекелік көңіл-күй сыйлау Қауысбек Тұрысбеков атындағы қордың қолынан келді. Қорап-қорап сыйлықтан өзге су жаңа он кереует те әкеліп,  жатын орындарының санын арттырды.

су жаңа кереуерттер тарту етілді
су жаңа кереуерттер тарту етілді

Ұтжан Тастанбеков, орталықтың маманы: «Қорға көп-көп рахмет. Мұндай базарлықпен бізге келетіндер жоқтың қасы. Тағдыр тәлкегіне ерте түскен апалардың, қыз-келіншектердің көңілі көтеріліп қалды. Тастанды деп, бұл кісілерден көбісі бас тартады».

Тұрысбеков қорының тартуы тұрғындарға ұнады. Енді олар көктемнің өзге де мерекелеріне асыға дайындалатын болды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=XHMOy3iRZCs[/youtube]