Бүгін Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің ОҚО бойынша департаментіне жаңа бастық тағайындалды. Енді бұл қызметті Берік Айдарбекұлы Бекжанов атқаратын болады. Басшыны агенттік төрағасы Әлихан Бәйменовтің өзі таныстырды.
Жаңа басшы бұған дейін Парламент Мәжілісінің депутаты болған. Оңтүстік Қазақстандықтарға да жақсы таныс. Өңірде Әділет департаментін басқарды, білікті заңгер. Бәйменов лауазым иесіне зор сенім артатын, кадр саясатын жақсартуға үлес қосатынын атап өтті.
Ал осы қызметті бұған дейін атқарып келген Ермағанбет Бөлекбаев Астанаға тәртіптік кеңестің төрағасы қызметіне ауысты.
Әлихан Бәйменовтің айтуынша, 26 наурызда күшіне енетін мемлекеттік қызмет туралы заң бұл барлық сараптамадан әділ өткен мемлекеттік құжат деп айқындады. Және Оңтүстіктің мемлекеттік қызметін басқаратын азамат сол заңның алғашқы шешімдері деп түсіндірді.