«BМW»-ны бөлшектеп ұрлаған жас жігіт ұсталды

163
ОҚО ІІД

 

ОҚО ІІД
ОҚО ІІД

«BМW» автокөліктерінің бөлшектерін ұрлап жүрген 18 жастағы жас жігіт ұсталды. Абай аудандық полиция бөліміне бір күнде екі қала тұрғыны шағымданып, темір тұлпарларының бөлшектерін ұрлап кеткенін айтқан.

Абай аудандық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларына кірісіп, көп ұазамай 1995 жылы туылған күдіктіні ұстады. Ол автобөлшектерді жергілікті базарларға сатып, ақшасын пайдасына жаратқанын айтқан. Келген шығын көлемі әзірге 150 мың теңге.

Қазіргі таңда құқық қорғаушылар оның басқа да қылмыстарға қатысы барын анықтауға кірісті. Күдікті қамауға алынды.