Бәріне табиғат кінәлі! Естеріңізде болса бұған дейін өңірде халықты таза сумен қамтуға бөлінген миллиондаған қаражаттың талан-таражға түскені хабарланған. Ал бүгін ОҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшылығы аяқасты басқаша мәлімдеме жасады. Олардың айтуынша суға бөлінген қаржыны ешкім жеп кеткен жоқ, бар гәп табиғатта болып тұр дейді. Осылайша бағдарлама орындалмай қалса керек. Бірақ бөлінген теңгелердің нақты қайда екені айтылмады.
Прокурорлық тексеруде аян болғандай Ордабасы аудынында құбыр тартуға қомақты қаржы бөлінгенімен, атқарылған жұмыс жоқ болып шыққан. Алайда, әкімдік мамандары құрылыс бітті деп қол қойып жіберген. Мұны жауапты департамент басшылары жоққа шығарған жоқ. Бірақ ақша қалтаға кеткен жоқ деп ағынан жарылып отыр. Бар гәп аталмыш ауданда су кермектеліп кеткенінде дейді. Қызығы жауаптыларға шара көрген.
Мемлекеттік «Таза су» бағдарламасы аясында 9 жыл, «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында соңғы екі үш жылда жұмыс істеген жауаптылар 929 елді мекені бар өңірді 24 сағат бойы ауызсумен қамту оңай жұмыс емес екенін алға тартты. Аймақта 194 елді мекендегі құбырлар кеңес одағы кезінде тартылған. Бүгінгі таңда тозығы жеткен, жамағанмен жұмыс оңбай отыр дейді.
Облысымызда жерасты су картасы болмағандықтан, мамандардың тапшылығынан бағдарламаны дер кезінде жүзеге асыру мүмкін болмай отырғанын да жеткізді. Сондай-ақ, жер асты сулары тартылған уақытта құжатта көрсетілгендей тазасу болғанын, кейін келе сол сулардың кермектеліп кеткенін алға тартты. Қаржыны талан-таражға салған ешкім емес, тек табиғат кінәліме деген журналистер сауалына былай деп жауап берді басқарма бастығы.
Батырбек Көшербай, ОҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы: «Сол аудандардағы халықпен кездесуге барайық, қазіргі кезде судың кермектеліп кеткенін айтса, берілген уақытта нормативке сай болғандығында айтатын шығар?»
Осылайша, тілшілерді жинап баспасөз мәслихатын өткізген басқарма облысымызда жер асты су картасы болмай мәселе оң шешімін таппайтынын да жеткізді.