Оңтүстікте мал ұрлығы өршіп тұр

405
Жайылымда қараусыз мал жайылып жүр
Жайылымда қараусыз мал жайылып жүр
Жайылымда қараусыз мал жайылып жүр

Оңтүстікте мал ұрлығы өршіп тұр. Соңғы бес жылда бұл көрсеткіш бес есеге өскен. Еліміз бойынша дәл осы қылмыспен көшбастап та тұрмыз. Бұлай деп облысьық прокуратура дабыл қағуда.

Қаланың шетіндегі «Ақжайық» шағынауданында тұратын Сакен соңғы бес жылдан бері мал бағумен айналысады. Қорасындағы малдың басын санамайды деген ырымға салып, түлігінің санын айтпады. Азын-аулақ деп қысқа қайырған шопанның учаскелік полицейге деген өкпесі қара қазандай. Барымташылардың қолында бір емес, 12 малы кетіпті. Іздемеген жері жоқ.

Сакен, қойшы:»Мал ұрлығы көп болады. Өзімнің былтыр 12 қойымды үйлен, қорадан ұрлап кетті. Содан әлі табылған жоқ. Учаскелік инспекторды танымаймыз да. Отыратын жері қайда екенін де білмейміз. Бір жылдан бері табылмаған малды қайдан іздейсің? Ол түгілі кеше жоғалғандарда табылмайды».

Шопанның сөзінің жаны бар. Мал ұрлығы ашылмайтын қылмыстардың санын арттырады. Арнайы жайылым болмаған соң, қолды болып кететіндері қаншама.

облыс прокурорының орынбасары
облыс прокурорының орынбасары

Әбіл Қожахметов, ОҚО прокурорының орынбасары: » Кейінгі уақытта полиция тарапынан осы мәселеге көп көңіл бөленбегені себеп болып отыр. Себебі ауылдық учаскелік инспекторлар ауылдарда мал ұрлығының өсуіне дұрыс тосқауыл қойып, дұрыс тежеуіш бола алмай отыр. Ұрланған мал қылмыстарын ашу мәселесіне аса көңіл бқлінбей отыр. Тексеру барысында анық болғандай, кейбір ауылдық-округтің тұрғындары өзінің учаскелік инспекторларын да танымайтын болып шықты».

Одан қалса, облысымызда мал базарларының дұрыс ұйымдастырылмауы салдарынан да ұрлық өрши түседі. Елімізде 52 мал сататын базар болса, соның 32-сі біздің өңірге тиесілі екен.

Әбіл Қожахметов, ОҚО прокурорының орынбасары:»32 мал базары бір облыста болды дегеннің өзі ойландыратын мәселе. Базарға мал қайдан келіп жатыр? Қай жақтан әкелініп жатыр? Бәрі заңды түрде әкелініп жатыр ма? Міне, осындай мәселелерге ешкім көңіл аудармай отыр».

Мал ұрлығына келгенде ветеринар мамандардың да тыс қалмайды. Әрбір малды тексеріп, құлағына сырға тағып, құжатын берудің орнына қағаз жүзінде өтірік мәліметтер беріп келгендерде көп екен. Прокурорлық тексерудің нәтижесі осылайша мал ұрлығының өршуінің себебін анықтап берді. Десе де, жалғыз ішкі істер қызметкерлері ғана емес, қоғам болуға күресекке ғана жақсы нәтижеге кол жеткіземіз дейді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=W4Zyb6ybyfA[/youtube]