Жұмыссыз жастар кәсіпкерлікке бет бұруда

537
Жастар кәсіпкер болуға бел буды

Жұмыссыз жастарды кәсіпкерлікке баулуға белсенділер білек сыбана кірісті. Олар бизнестің негіздерін меңгеріп, өңіріміздің экономикасын өркендетуге үлес қосуға ынталы. Кәсіпкерлікті қолдау орталығында екі қолға бір күрек таппай сандалып жүргендер үшін семинар тренингтер басталды.

 

Семинар барысы
Семинар барысы

«Жас келсе іске» жобасы аясында өтіп жатқан семинарға жиналғандар ойлағаннан да көп келді. Өйткені соңғы кезде жастар жұмыссаздар қатарын толтыратын болған. Дипломы сандық астында сарғайғандарға қәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының лекторлары көмек қолын созуға кірісті. Жастар үшін дәріс оқып, өз бизнесін ашуға үйретіп жатыр.

Абылай Мұсабеков, «Қуатты Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің көмекшісі: «Біздің мақсат аудиторияны толтыру емес. Кәсіпкер болсам деген ниетті жастарды жинап, тегін кеңес беріп, жол сілтеу. Жиналғандардың тым болмағанда бесеуі кәсіпкер атанса үміттің ақталғаны».

Жастар кәсіпкер болуға бел буды
Жастар кәсіпкер болуға бел буды

Кәсіпкер боламын деген жасқа ең бірінші психологиялық көмек қажет дейді мамандар. Сондықтан да арт психолгия элементтерін қолданып, іскерлік қабілетті арттыруға бағытталған білім беруде.

Үсен Мұсаев, психолог: «Жастарды қызықтыру оңай шаруа емес. Сондықтан психологияның жаңа бағытын қолданып, ниеттілерін мықтылыққа, тұрақтылыққа тәрбиелеу үшін барымды саламын».

Семинар-тренигке қатысқан жастар өз бизнес жоспарларын құруға және дамытуға қажетті маңызды практикалық дағдыларға ие болады. Сонымен бірге, «Жұмыс таптым» электронды еңбек биржасы арқылы жұмысбасты болуға да кеңес берілді. Кей деректерге қарағанда ОҚО-да ресми тірелген жұмыссыздар 60  мыңнан асады. Олардың жартысы жастар. 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=yOl5rGNBkKY[/youtube]