Ағаштан үй соғыңыз

Американдық нұсқадағы үйдің бір шаршы метрі - 500 АҚШ долларын құрайды
Американдық нұсқадағы үйдің бір шаршы метрі - 500 АҚШ долларын құрайды
Американдық нұсқадағы үйдің бір шаршы метрі – 500 АҚШ долларын құрайды

Болашақтың баспаналары. Таяу уақытта Шымкенттіктер де мынадай екі қабатты ағаш үйлерде өмір сүретін болады. Америкалық нұсқадағы баспаналарды арнайы зауытта жинайды. Тапсырыс берсеңіз болғаны, небары бір аптада құрастырылған үйіңізді Сіз қалаған мекенге орналастырып береді.

Бердіхан ОРАЛБЕКҰЛЫ, мердігер: «Бұл үйлер Оңтүстіктің табиғатына өте қолайлы болып келеді. Мұндай баспаналар Пенсильванияда көптеп соғылады. Онда да боран-желдер сирек соқпайды. Сондықтан жаңа жобадағы үйлер өте төзімді болып келеді. Бұл баспаналар 35 градустың аязға, 40 градустық ыстыққа шыдайды».

Жоба жетекшілерінің сөзінше мұндай үйлерде өмір сүру – нағыз жан рахаты. Бағасы да қолжетімді көрінеді. Бір шаршы метрі – 500 АҚШ долларын құрайды. Шымкентке келген ауылшаруашылық вице-министрі өңірдегі мұндай жаңалықты көріп, таң-тамаша болды. Тасымалданатын үйлер оған қатты ұнаса керек, есіне америка фильмдері түсті еріксіз.

Өз үйім – өлең төсегім. Мердігерлердің айтуынша, жоба дер кезінде қолға алынып отыр. Өйткені, Шымқалада баспанаға зәру жандар көп. Сондықтан да, тұрғын үйлерді жылдам әрі сапалы соғу қажет.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=OrrBEDxDO7g[/youtube]