Жексенбідегі жел шымкенттіктерді шатырсыз қалдырды

174
шатырдың құлаған сәті

Жексенбінің желі қала аумағындағы 20 ағашты құлатып, тұрғындарды әбігерге түсірді. Тазалау жұмыстарына «ЛТД Тұрмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 154 маманы мен 26 техника жұмылдырылған.

шатырдың құлаған сәті
шатырдың құлаған сәті

19-мамыр күні тұрған қатты желден мына №6-үйдің 8-пәтерінің шатыры ұшып кетеді. Дауылдың қатты болғаны сонша, шатыр көрші үйдің төбесіне тұрып қалған. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Өйткені төтенше жағдай қызметінің мамандары дер кезінде жеткен.

төтенше жағдай қызметінің жұмысы барысы
төтенше жағдай қызметінің жұмысы барысы

Дауылмен бірге №15-шағын ауданды шулатқан шатыр Құдабай Мекеновке тиесілі екен. Осыдан бес жыл бұрын бесінші қабатқа тұрақтаған оралман төбесінен сорғалаған суды осылай тоқтатпақ болған. Шатырын бір емес, бірнеше рет жауыпты. Былтыр жазда төбесін тағы қымтағанымен, соңы осылай аяқталған. Енді шатырды қайта жамауға шамам жоқ деп отыр.

шатыры ұшқан үйге түнімен су өткен
шатыры ұшқан үйге түнімен су өткен

Құдабай Мекенов,№15 шағынаудан,№6 үйдің 8-пәтерінің тұрғыны: «Жағдай осылай болды. Жазда су өтпесін деп, жапқанмын. Енді шамам жоқ, бала-шағамның барлығы студент. Онсызда түнімен жауған жаңбырдан үйге су өтеп, әбіржідік».

Аула тұрғындарының зәресі кеше зәр түбіне кетіпті. Дер кезінде көмек көрсеткен төтеншеліктерге үй тұрғындары дән риза.

Нұрсұлу Қайыркешқызы, №6 үйдің төрайымы: «Төтенше жағдай қазметкерлеріне мың алғыс. Солардың арқасында басым аман қалды. Түскі бірде келіп, кешкі алтыға дейін жұмыс істеді».

Бүгінгі бұл үйдің тұрғындары теледидарсыз отыр. Кешегі дауылдан аттеналарының барлығы үзіліп кетіпті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=l6SGhy605og[/youtube]