Úı ANONS Көршісінен қақпасы мен шатырын жылжытуды талап етті

Көршісінен қақпасы мен шатырын жылжытуды талап етті

фото istockphoto
Көршілердің дауы сотқа дейін жетті. Бір біріне «тайы озсын» деп тілейтін көршілер үйлерінің аралығындағы қақпа, шатыр су колонкасының өз аумағына өтіп кеткені үшін дауласқан. Даудың аяғы ақыры сотқа жүгінуге мәжбүр етті. Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында талап қоюшы Т.-ның жауапкер А.-ға қақпа, шатыр және су колонкасын жылжытуды міндеттеу туралы азаматтық іс қаралды.
Істі қарау барысында судья тараптарға дауды бітімгершілік келісім немесе медиация рәсім шеңберінде шешу құқығын түсіндіре отырып, осы келісімнің артықшылығы мен құқытық салдарын атап өтті.
Нәтижесінде тараптар бейбіт келісім түзіп, жауапкер талап қоюшыға өтем ретінде 1 млн. теңгені жыл соңына дейін төлеуге міндеттенді. Жауапкер келісілген өтемді уақтысында төлемеген жағдайда талап қоюшы сотқа 1 млн. теңгені өндіру туралы атқару парағын алуға құқылы.
Бейбіт келісімді түзудің артықшылығы дауға қатысқан әр тараптың мүдделері ескеріледі, араларында екі жаққа да тиімді әрі қанағаттандыратын келісімге келуге қол жеткізіледі. Сот тараптар арасында түзілген бейбіт келісімді бекітті, талап қоюшыға төленген мемлекеттік баж қайтарылады.