Облыста мақта алқабы азайып келеді

1042
алқап азайғанмен, өнім артады
алқап азайғанмен, өнім артады
алқап азайғанмен, өнім артады

Облысымызда жылдан жылға мақта алқабы азайып барады. Алайда жер көлемі кемігенімен, өнім түсімі төмендемейді. Өткен жылы жергілікті мақташылар қамбаға 27 центнердің мақтасын жинаған болатын.Сала мамандары биыл да осы межені төмендетпейміз деп сендіреді.
Биыл облыс бойынша 140 мың 400 гектар жерге мақта тұқымы себілген.

Егін алқабы былтырғы жылмен салыстырғанда 6 мың гектарға кем.Алайда, озық технологиялардың арқасында өнім мөлшерін қалпында сақтауға мүмкіндік бар. ОҚО ауылшаруашылығы басқармасының бастығы Қанатбек Оспанбековтің мәліметінше, 2005 жылмен салыстырғанда егін алқабы 80 мың гектарға кеміп отыр.

Басқарма бастығы «сол жылдары бір дақылдық жүйеге айналып кетіп еді. Қазір егін көлемін азайтып, өнімді жоғаралытап отырмыз» дейді.
Бүгінде егістікте суару жұмыстары қызу жүріп жатыр. Өткен жылдан бері сала мамандары насопен суару арқылы 86 мың гектар жерді суаруға мүмкіндік алды. Қалғаны Өзбекстан мемлекеті арқылы келетін су көздерінен суаралуда. Алайда, ала тақиялы ағайынның кез-келген уақытта судан қысып, қыңыр мінез танытатуы ғажап емес.

Қазір судан шаруа қамның судан таршылық көрмеуі үшін екі ел арасында келіссөздер жүргізіліп жатыр. Алайда, ақ алтынның нақты нарқы әлі нақтыланбаған. Маңдайын күн қақтаған мақташы қауым осыған алаңдайды. Алқаптағы ағайын «Еңбегіміміздің өнбегі болар ма екен» деп отыр.