Ауыл шаруашылығынан түскен өнім мол

Қанатбек Оспанбеков

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қанатбек Оспанбеков саладағы жетістіктер туралы журналистерге айтып берді. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша күнгейдің алқаптарынан 221 миллиард теңгенің астығы жиналған. Бұл – өткен жылдың өнімімен салыстырғанда 60 миллиард теңгеге артық.

Соңғы үш жылдан бері ауыл шаруашылығы алқабының жалпы аумағы 130 мың гектарға өсіп, егістік 772 мың гектарға жеткен. Алайда, өңірдегі суармалы жердің көлемі бар болғаны 104 мың гектар ғана дейді сала басшысы. Дегенмен, Қанатбек Оспанбеков алдағы жылдары оның да көлемі артатынын баса айтты.

Қанатбек Оспанбеков
Қанатбек Оспанбеков

2012 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 259,2 миллард теңгеге, нақты көлем индексі 108,5 %-ға жетіп, Оңтүстік Қазақстан облысы республикада алғашқы орынды иеленді. Жыл соңына дейін жалпы өнім көлемі 320 миллард теңгег жетіп, нақты көлем индексі 108 %-ды құрайды деген болжам бар. Бұл Елбасының әрбір сала бойынша жыл сайын ішкі өнім көлемінің өсімін кемінде 7 %-ға ұлғайту тапсырмасы облыстың ауыл шаруашылығы саласында өз дейгейінде тұрақты орындалып жатқандығының айғағы болса керек.