Бәйдібек ауданындағы жол апатынан 6 адам қаза тапты

343
Көліктердің сау-тамтығы қалмаған

Оңтүстік Қазақстан облысында жан түршігерлік жол апаты болды. Соның салдарынан 6 адам мерт болған. Араларында сот саласының қызметкері де бар. Бұл қайғылы жағдай 19-тамызға қараған түні, сағат 12-де Бәйдібек ауданындағы Екпінді ауылының маңында орын алды.

Көліктердің сау-тамтығы қалмаған
Көліктердің сау-тамтығы қалмаған

Ташкент-Самара бағытындағы тасжолдың үстінде Фольксваген және ВАЗ көліктері бетпе-бет соғысып қалды. Салдарынан 5 адам оқиға болған жерде опат болды. Олар – 37 жастағы Фольксваген көлігінің жүргізушісі, оның жұбайы және ВАЗ көлігінің 3 жолаушысы. Ресейлік көліктің жүргізушісі мен Фольксвагендегі ерлі-зайыптылардың 11 жасар қызы аудандық ауруханаға жеткізілген. Оларға дәрігерлер шұғыл көмек көрсеткенімен жүргізуші сол аурухананың жан сақтау бөлімінде қайтыс болды. Ал 11 жасар қыздың халі бүгінде қанағаттанарлық дейді дәрігерлер. Анық болғандай, Фольксвагеннің қаза тапқан жүргізушісі Атырау облысындағы Мақат аудандық сотының судьясы, Қызылорда облысының тумасы болып шықты. Полицейлердің мәліметінше, қайғылы жол апаты ВАЗ көлігі жүргізушісінің жолдың қарсы бағытына шығып кетуі салдарынан орын алыпты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=k8QgL5KvBqw[/youtube]