Ол BI Group-тан пәтер сатып алып, BIG DREAM 3.0 Shymkent ұтыс ойынына қатысқан.
BI Group ұйымдастырған ұтыс ойыны тағы бір отбасының өмірін өзгертті. Бұл жолы бас жүлде – Grand Park Vita тұрғын үй кешеніндегі пәтер Түркістандағы кәсіпкер әрі төрт баланың анасы Гүлмира Айтбаеваға бұйырды. Бұған дейін ол BI Group-тан пәтер сатып алып, BIG DREAM 3.0 ұтыс ойынының қатысушысы атанған.
Гүлмира жұбайымен бірге екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр. Ол ұтыс ойыны туралы білгенімен, жеңіске жетемін деп ойламаған.
«Ұтыс ойыны өтіп жатқанын білдім, бірақ аса дәмеленбедім. Өйткені өмірімде ешқашан ештеңе ұтып көрмеген едім. Жеңімпаз атанғанымды хабарлағанда, көлікте келе жатқанбыз. Қуанғанымнан жылап жібердім, ал күйеуім ұзақ уақыт бойы сене алмады», – дейді Гүлмира.
Гүлмираның отбасы Grand Park Vita тұрғын үй кешеніндегі құны 16 млн теңгелік бір бөлмелі пәтердің иесі болады. Пәтердің құжаттары дайын, ал кілті тұрғын үй кешені пайдалануға берілгеннен кейін табысталады. Жеңімпаз BI Group командасына қолдауы үшін алғысын білдірді.
Ұтыс ойыны қалай өтті?
Науқанға 2026 жылғы 25 ақпан мен 31 мамыр аралығында BI Group-тан тұрғын үй немесе коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алған клиенттер қатысты. Әр қатысушыға жеке нөмірі жазылған купон берілді.
Жеңімпаздар @bi.group.shymkent Instagram парақшасындағы тікелей эфирде лототрон арқылы анықталды. Жүргізуші купонды таңдағаннан кейін, BI Group мамандары оның иесі пәтер сатып алғанын, яғни ұтысқа қатысуға құқығы бар-жоғын тексерді.
Сонымен қатар қатысушыларға басқа да бағалы сыйлықтар табысталды:
● 2-орын – 1,5 млн теңгелік саяхат сертификатын Әлібек Қазақбаев жеңіп алды;
● 3-орын – 1 млн теңгелік тұрмыстық техника сертификаты Ақылжан Кәленовке бұйырды;
● 3-орын – 1 млн теңгелік Smart Remont сертификатын Дариға Тәжібаева ұтып алды.
Оған қоса тікелей эфирге белсенді қатысқан екі көрермен Яндекс.Станция ақылды колонкаларын жеңіп алды.

«BI Group Шымкент тұрғын үй нарығында 2019 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде мыңдаған отбасы біздің үйлерімізді таңдайды. Әсіресе қаладағы жылжымайтын мүлікті инвестиция ретінде қарастыратындар саны артып келе жатқаны қуантады. Сатып алушылар қатарында басқа өңірлердің тұрғындары да бар. BIG DREAM 3.0 ұтыс ойыны – бізге сенім білдірген клиенттерге алғыс айтудың бір жолы», – деді BI Group Шымкент дивизионының директоры Асет Ибраев.
Айта кетейік, BI Group Қазақстанда 30 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде компания 630 мың адамға арналған тұрғын үй салып, білім беру, инфрақұрылым және қоғамдық бағыттағы көптеген жобаны іске асырды. Бұған дейін BI Group Шымкентте Farabi мектебін салып, Дендросаябағын жаңартты. Ал биыл компания «Сити парк» пен Жапон саябағын абаттандырды. Бұл жобалар BI Group-тың қала тұрғындары үшін жайлы орта құруға және оңтүстік өңірдің дамуына үлес қосып келе жатқанын көрсетеді.
Мақала коммерциялық негізде дайындалды







