Алдағы күндері Аптап ыстық бәсеңдеп, еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктердің мәліметінше, апта бойы жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде нөсер жаңбыр, бұршақ пен дауыл да болуы мүмкін. Мамандар мұны атмосфералық фронттардың өтуімен байланыстырып отыр. Оңтүстік өңірлерде де күн біршама салқындайды. Бұған дейін 40 градусқа жуықтаған ауа температурасы алдағы күндері 27 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
АҚНҰР АЙТБАЕВА, ИНЖЕНЕР-СИНОПТИК: «Синоптикалық болжамдар бойынша еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Қатты жауын-шашындар еліміздің көптеген өңірлерінде күтіледі. Қатты ыстықтың бәсеңдеуі еліміздің оңтүстігінде 27-35 градусқа дейін төмендейді»
ЛАУРА БАБАС






