Úı ANONS Наркологиялық және психиатриялық есепте тұрғандар көлік жүргізген

Наркологиялық және психиатриялық есепте тұрғандар көлік жүргізген

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында наркологиялық және психиатрлиялық  есепте тұрған 90-ға жуық адам жүргізушілік куәлігін алып, көлік айдаған. Ал шындығында оларға көлік құралын басқаруға заңмен тыйым салынады. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді. Прокуратура дерегінше, прокурорлар тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заң талаптарының сақталуына үнемі талдау жүргізеді. Жоғарыдағы заңбұзушылық осындай зерделеу кезінде анықталған.

 

Наркологиялық және психиатрлиялық  есепте тұрған жүргізушілердің жүргізуші куәлігі прокурорлық қадағалау актісі негізінде сотпен жойылған. Және олардың көлік құралын басқару құқығы тоқтатылған. Ал оларға осы құқықты берген жауапты лауазымды тұлғалар заң тәртібімен жауапқа тартылған.

 

Дилара Иса