Қаламыздағы жағдайы төмен және көпбалалы отбасыдан шыққан 20 түлек серификат алды. Әйелдер ресурс орталығы және «Бота» қайырымдылық қорымен бірлесіп жасалған бұл мейірімдік шара, өткен жылдың қазан айынан бастап оқушыларды оқыта бастаған.
Түлектер маникюр және педикюр мамандығы бойынша шеберлерден екі ай бойы тегін дәріс алған.
Айнұр Майқыбекова, оқытушы: «Бүгін бітіріп жатқан 20 қыз, 14 пен 24 жас аралығындағы түлектер. Олар негізінен жартылай жетім, жағдайы жоқ және көпбалалы отбасыдан шыққан балалар. Соларға көмек болсын деп, өз жолын тапсын деп оқыттық».
Әйелдер ресурс орталығы және «Бота» қайырымдылық қоры осы уақытқа дейін 150 түлекті оқытып, сертификат тапсырған. Олардың ішінен жақсы білім алып ептілік танытқандарын жұмыспен қамтамасыз еткен.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта та бұл шара жалғасын таппақ.