Көпбалалы аналарға төсбелгі табысталды

Әл-Фараби ауданының әкімі көпбалалы аналарға алқа тапсырды
Әл-Фараби ауданының әкімі көпбалалы аналарға алқа тапсырды
Әл-Фараби ауданының әкімі көпбалалы аналарға алқа тапсырды

Әл Фараби аудандық әкімдігінде 12 көпбалалы анаға арнап, салтанатты рәсім өтті. Оның 11-іне күміс алқа, біреуіне «алтын алқа» төсбелгі тапсырылды. Оған қоса сыйлық ретінде аналарға ақ жаулық табыстаған әкім ауданда 1250 алтын және күміс алқа иегерлері тұратынын атап өтті. Қуанышқа кенелген аналар өз кезегінде Қазақстан демографиясының өсуіне барынша жағдай жасап жатқандары үшін Елбасы мен Үкіметке алғыстарын білдірді.

Шырын Нұрымбетов, Алтын алқа иегері: «Мен үшін бүгінгі күн өте қуанышты. Себебі, ана балаларымен бақытты. Бұрынғы аналарымыз дүниеге 10-15 перзент әкелген ғой. Қазіргі келіндерге де сол аналарды үлгі етіп отырамын. Бұрын жәрдемақы дегенді білмегенбіз, қазір өкімет барлығына жағдай жасап жатқан жоқ па? Әр бала өз несібесімен дүниеге келеді».

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=licwMscviMQ[/youtube]