Úı Oqys oqıǵa Оңтүстікте жанармай көлігі апатқа ұшырап, өртеніп кетті

Оңтүстікте жанармай көлігі апатқа ұшырап, өртеніп кетті

Фотосурет ғаламтордан алынды

Оңтүстік Қазақстан облысында жанармай тасымалдайтын көлік пен жеңіл машина соғысты. Салдарынан екі көлік те өртеніп, 3 адам зардап шеккен. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Фотосурет ғаламтордан алынды
Фотосурет ғаламтордан алынды

22-тамыз күні Түркістан-Қызылорда бағытындағы тасжолдың 23-шақырымында ГАЗ-53 көлігі мен Тойота соғысты. Жол апаты күндізгі сағат 4-тер шамасында Шорнақ ауылы маңында болған. Екі көлік соғысқан соң 4700 литр жанармай жолға төгіліп, 70 шаршы метрге жерге жайылып кетеді. Ірі өртті сөндіру үшін оқиға орнына Түркістан қаласынан 3 өрт сөндіру тобы шұғыл аттанған. Анық болғандай, жанармай таситын көліктің 25 жастағы жүргізушісінің денесінің 90 пайыздан астамы күйіп қалған. Ал Тойота жүргізушісі мен жолаушысының денесін 16 пайыздық күйік шалған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ZJkyyN8iu5Q[/youtube]

Зардап шеккендердің барлығы жергілікті ауруханаға жеткізілді. Қазір осы келеңсіз жағдайдың себеп-салдарын төтенше жағдай департаментінің анықтаушылары тексеріп жатыр.