Орындалсын жастардың «басты арманы»

Осы жас отбасылардың үштен біріне ата-анасы баспанасын мұраға қалдырғанның өзінде 100 мың отбасы баспанасыз қалады екен, яғни 4 млн шаршы метр тұрғын үй салу қажет
Осы жас отбасылардың үштен біріне ата-анасы баспанасын мұраға қалдырғанның өзінде 100 мың отбасы баспанасыз қалады екен, яғни 4 млн шаршы метр тұрғын үй салу қажет
Осы жас отбасылардың үштен біріне ата-анасы баспанасын мұраға қалдырғанның өзінде 100 мың отбасы баспанасыз қалады екен, яғни 4 млн шаршы метр тұрғын үй салу қажет

Жыл сайын Қазақстанда жаңадан 150 мың отбасы құрылады. Соның басым бөлігі – жастар. Осы жас отбасылардың үштен біріне ата-анасы баспанасын мұраға қалдырғанның өзінде 100 мың отбасы баспанасыз қалады екен, яғни 4 млн шаршы метр тұрғын үй салу қажет. Егер отбасы мүшелерінің саны көбейетінін ескерсек, бүгінгі құрылыс қарқынымен баспана мәселесін шешу ширек ғасыр уақытты алмақ.

Тәуелсіздік жылдарында қазақстан-дықтарды тұрғын үймен қамту үшін көп жұмыс жасалды. Әйтсе де жағдай Ресей, Украина және Бела­русь­пен салыстырғанда әлі қиын. Өкініштісі, бас-пана мәселесінде әді­лет­сіздік көзге ұрып тұр. Бізде кейбір пысықтар хан сарайында тұрып жатыр. Халықтың елеулі бөлігіне құрқұлтайдың ұясындай болса да, құ­жыра бұйырар емес. Үй бағасы «айдағанға жүрмейтін, ысқырғанға пыс­қырмайтын» болып алды. Мұнай бағасының құбылуы, елдегі дағ­да­рыс, құрылыс қарқыны, ішкі көші-қон, агломерация, басқа да толып жат­қан фак­торлар баспана бағасын құбылтып тұр. Мамандардың айтуынша, Астана мен Алматыда үй бағасы арзандамайды. Алматыда жа­ңа үйлер аз, бар күш сақалды құрылыстарды бітіруге жұмсалуда. Елор­даға көшіп келушілер көп болғандықтан, баспана бағасы қымбат. Статистикаға жүгінсек, Қазақстанда тұр­ғын үйге бағаның өсімі өткен жылдың мау­сымынан биылғы маусымға дейінгі аралықта 1,4%-ды құраған. Пәтер баға­сы­ның жалпыұлттық орташа құны шаршы метріне 228 288 теңгеге жеткен. 2012 жы­лы баспана бағасы тура 10 %-ға арзан еді.

Ал, Шымкент қаласында бүгінде ортаңғы қабаттағы бір бөлмелі пәтердің бағасы 26-30 мың доллар аралығында. Екі бөлмелілер орташа алғанда 35-40 мың долларға бағаланып отыр. Үш бөлмелі пәтерлер 40-50 мың доллардың аралығында саудалануда. Онымен қоса баға пәтер орналасқан аудан, үйдің сериясы, қабатына байланысты өзгеріп отыратыны белгілі. Тиісінше, орталықта 10-12%-ға қымбатырақ келсе, қала шетінде арзандау. Бүгінгі таңда «Жоғарғы Отырар» шағынауданында, Т. Рысқұлов көшесіндегі ІІМ мектебіне қарсы беттегі үйлердің үлгісі көпшілік көңілінен шығады. Ондағы баға қала бойынша ең жоғары саналады. Қала орталығындағы Айбергенов көшесі, Республика және Бейбітшілік даңғылындағы үйлер 1965 жылдары салынған. Алайда, ескі болғанына қарамастан құны қымбат. Мұндағы пәтерлердің жобасы да жұртты қанағаттандырады. Бөлмелері тар болса да мұндағы баспаналар үлкен сұранысқа ие. Ал Қорғасын зауыты, 4-ҚМБ (СМУ-4) секілді шағынаудандарындағы үйлердің бағалары біршама арзан. Шымкентте жаңа үй салып, сатумен ай­на­лысатын компаниялар жеткілікті. Алайда жаңа пәтерді сатып алуға екінің бірінің қал­тасы көтермейді. Рас, жинақтау жүйе­сіне иек артқандар пәтерді ипо­те­ка­ға алып жатыр. Банк те ипотекаға ықы­лас­ты. Дегенмен ипотеканың пайызы жо­ғары, әрі қоятын талабы да қатаң. Жас отбасылардың жағдайы біршама жеңіл­деу. «Қолжетімді баспана-2020» бағдар­ла­ма­сы аясында жас отбасыларға арналған тұрғын үйлердің алды бітіп жатыр.

Көпқабатты үйден баспаналы болу бақытына қолы жетпегендер не істейді? Әрине, Қазақстанның әр азаматына заң­мен тиесілі 10 сотық жер телімін сұрайды. Бірақ бұл жерде де оп-оңай ештеңе жоқ. «Талдау көрсеткендей, Қазақстанда жер алуға кезекте 1 млн 300 мың адам тұр. Оның 83%-ы өз өтініштерін облыс орталықтарында тіркеген. Бара-бара біз осы жер беруді доғаратын болармыз. Себе­бі қазіргі жағдай көрсеткендей бұл аумақтың барлығын коммуникациямен қамтамасыз ету үшін бізге 35-40 жыл керек дейді мамандар.

Мақпал РЫСБАЕВА

Гүлнәр Әшірбаева
Гүлнәр Әшірбаева

Гүлнәр ӘШІРБАЕВА, Шымкент қалалық тұрғын-үй секторының меңгерушісі:

– Бағдарлама талаптарына сәйкес, ЖАО-мен құрылыс жұмыстары басталғандықтан, былтырғы жылдың қараша айынан басталған жас отбасылардан өтініш және құжаттарын қабылдау жұмыс-тары аяқталды. Бүгінгі таңда 500-ге тарта құжат қабылданған. Бағдарлама қатысушысының қайда жұмыс істейтіні маңызды емес. Баланың міндетті түрде болуы да шарт емес. Бірақ, комиссия құжаттарды қараған кезде некеде тұрған әр жылға 5 балл, бірінші балаға 20 балл, қалған балаларға 30 балдан беріледі. Осы жерде айта кетейін, бала көп болса балл көбірек жинаймыз деген түсінік болмауы керек. Өйткені, бұл көрсеткіш ерлі-зайыптының төлем қабілетіне де әсер етеді. Оларға ешкім кепіл бола алмайды. Жас отбасы санатына енетіндер өтініші мен құжаттарын тапсыру үшін Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тұрғын үй секторына хабарласуы керек.