Теологтар жастардың діни сауатын ашпақ

323
Өзге дінге кіріп кеткендер Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің тізімінде
Өзге дінге кіріп кеткендер Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің тізімінде
Өзге дінге кіріп кеткендер Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің тізімінде

Облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің жиыны өтті. Шара аясында қоғамдағы өзекті мәселеге айналған діни экстремизмнің алдын алуда атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Алқалы жиынға облысымыздың мемлекеттік мекеме басшылары мен дін қызметкерлері қатысты. Қазіргі таңда жастар арасында діни сауаттылықты ашуда теолог мамандар жеке және топтық жұмыстарын жүргізуде. Өткен жылы 522 имам біліктілігін арттырған. Сондай-ақ ақпараттық құрал ретінде 10 түрлі кітап шығарылған.

 Нұржан Тұрсынбай,  әлеуметтік бастамалар орталығының директоры: «Түрлі тақырыптар бойынша 10 кітап шығарылды. Қазір таратып жатырмыз. Арнайы фильмдер жасадық.  Арнайы видеороликтер жасалды. Қазір телеарналар    арқылы көрсетілі жатыр. Фильмдерге жобалар әзірлеп  жатырмыз. Дайын 2 фильм бар. Барған жерде ұстаздар  мен басқа да сұраушыларға флешкадан көшіріп берудеміз».

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=3hs53QJ_Lyg[/youtube]