Оңтүстіктің өнімдері Мәскеуде сатылады

423
Нұрлан Құралов өз алқабынан 25 тонна жүзім жинапты

 Оңтүстіктің шаруаларына алғаш рет халықаралық жәрмеңкеге қатысуға мүмкіндік туды. Таяуда Шымкенттен Мәскеуге азық-түлікке толы керуен жол тартты. Жергілікті дихандар жүк көліктерінің аузы-мұрнын қауын-қарбыз, жүзім сынды жемістермен қатар, шұжық өнімдерімен толтырып тастады. Жалпы салмағы 300 тоннадан астам өнім 15-18-қыркүйек аралығында Мәскеу жәрмеңкесінде сатылады.

 Кәсіпкер Нұрлан Құралов өз алқабынан 25 тонна жүзім жинапты. Табиғаттың жомарттығына тәнті болған дихан маңдай терімен өсірген өнімін көрші елдің халқына ұсынуға асығып отыр. Бәрінен бұрын жергілікті жемістің ресейліктердің көңілінен шығатынына сенімді.

Нұрлан Құралов өз алқабынан 25 тонна жүзім жинапты
Нұрлан Құралов өз алқабынан 25 тонна жүзім жинаған

Нұрлан Құралов, кәсіпкер: «Біздің жүзімнің ерекшелігі – таза піскен, ешқандай тыңайтқыштар қосылмаған. Экологиялық таза өнім. Менің ойымша, Мәскеу қаласында біздің жүзімге деген сұраныс жоғары болады».

Өнім тиелген ауыр жүк көліктері Мәскеуге жол тартты
Өнім тиелген жүк көліктері Мәскеуге жол тартты

Сапарбек Тұяқбаев, ОҚО әкімінің орынбасары: «Мәскеу қаласының басшылығымен келісімге келдік. Соған сәйкес бізге ай сайын бір аптаға қаланың орталығынан жер ұсынылады. Жәрмеңкені сол жерде өткізетін боламыз. Мынау бірінші жәрмеңке. Бұл тек Оңтүстік Қазақстанның ғана емес, жалпы Қазақстанның бірінші жәрмеңкесі болғалы тұр».

Осылайша Әл Фараби алаңынан жеміс-жидек тиелген алып жүк көліктері Мәскеуге аттанып кетті. Ал билік басындағылар бұл қадам сауда-саттықтағы қарым-қатынастың нығаюына жол ашады деп отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=VWXpOzXz7YY[/youtube]