Апатты жағдайдағы білім ұяларында да балалар білім алуда. Демографиялық өсімі жоғары Сайрам ауданындағы 8 бірдей мектептің жағдайы осындай. Жұмыс сапарымен ауданда болған білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов жарамсыз деп танылған білім ошақтарының жағдайымен танысты.
Сайрам ауданына қарасты Көлкент ауылындағы №65 шағын жинақты мектеп ғимаратының тарихы әріде жатыр. 1964 жылдары бұл нысанды ауылдықтар асар жолымен салған деседі. Бүгінде 375 бала білім алатын мектептің жағдайы — аянышты. Төбесі опырылып түспес үшін тіреулер орнатылған, еденінің әбден тозығы жеткен. Ал орнына жаңа мектеп салу үшін шағын жинақты мектеп статусы кедергі келтіріп отыр.
Ал аудандағы тағы бір апатты білім ұясы — Қарабұлақ елдімекеніндегі №81 негізгі мектеп. Қабырғасы қарс айрылып тұрған білім ұясының орнына жаңасын салуға қажетті жоба өткен жылы жасалып қойған. Дегенмен, 860 оқушысы бар мектеп бюджетке енгізілмей келеді.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=68S_M0Ul7W0[/youtube]
Хамрақұл Қалтаев, №81 мектептің директоры: «1971 жылы бұл ғимарат 94 орынға арналған, жатақхана ертінде салынған. Бүгінде мұнда 100-емес, 860 оқушы білім алады.»
Негізінен ауданда апатты деп танылған 8 білім ұясы бар. Олардың жанынан қосымша ғимараттар салынғанымен, олар да мектеп қажеттілігін өтей алмай отыр. Өйткені ауданда демографиялық өсім жоғары.