Марат Сапарбаев сайлаушыларымен кездесті

363
Марат Сапарбаев сайлаушыларымен кездесті

 Қоғамдағы мәселелер, оның ішінде коммуналдық, әлеуметтік түйткілдер. Ел арасындағы осындай жағдайлармен етене танысып, оны билікке жеткізу үшін халық қалаулысы Марат Сапарбаев №22 сайлау оқругінің тұрғындарымен кездесті. 

Марат Сапарбаев сайлаушыларымен кездесті

Қалалық мәслихаттың депутаты Марат Марданұлы бұл жолғы кездесуді де көп алдында есеп беруден бастады. Ал халық атқарылған жұмыстың бағасын беріп, айтылған бастамаларды құптап отыр. Еңбекші ауданы тұрғындарының айтуынша, халық қалаулысы бүгінге дейін көптің көкейтесті мәселелеріне құлақ асып, коммуналдық және әлеуметтік проблемалардың шешілуіне атсалысады.

 Күлзада Алдабергенова, 18-шағынауданның тұрғыны: «Ерімбетов көшесінен автобустар бұрын жүрмейтін. Енді қазір Марат Сапарбаевтың көмегімен жүріп жатыр. Оған қала тұрғындары рахметін айтуда. Ия, бұл азамат 1 аптаның ішінде біздің айтқанымызды екі етпей орындады.»

Кездесуде көпшілік депутатқа түрлі мәселелерді айтып, шағымданып келді. Үй алдындағы ойын алаңшалары және спорт клубтарының жоғын да тілге тиек етті. Ал халық қалаулысы бұл үшін жиынға әр саланың жауапты мамандарын арнайы шақырған. Бұған қоса аптаның әр бейсенбісін сайлаушыларды қабылдау күні деп жариялапты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=qsaXHTfRYqo[/youtube]

 Болат Құрмашев, Марат Сапарбаевтың көмекшісі: «Біздің жұмыс тек қана осы қабылдаумен шектелмейді, біздің қарамағымызда бірнеше қамқорлық ұйымдар бар, балабақшалар, мектептер – олардың да өзекті мәселелерін шешіп жатырмыз. Және қолдан келгенше жәрдем де көрсетіп жүрміз. Мысалы, оларға демеушілік жасаймыз».

Сайланғанына небәрі 1,5 жыл өткенімен, бүгінде көптің алғысын арқалап үлгерген Марат Марданұлы осы жиында айтылған мәселелерді қалалық мәслихатқа ұсынатынын жеткізді.