Сайлау-2022: Түркістан облысында сайлаушылардың белсенділігі жоғары

15

Түркістанда жұртшылы­қтың саяси науқанға деген белсенділігі жоғары. 18 жасқа толған студент жастан бастап қарияға дейін өз таңдауын жасады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласындағы Қожа Ах­мет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түр­ік университетінің мәдениет орталығында орналасқан №133 сайл­ау учаскесінде дауыс берді. Бұл учаскеде дауыс беру құқығына 2 773 адам ие.

Кезектен тыс президент сайлауына Жарқынбек Құрманбеков немерелерімен келді. «Мемлекетіміздің тұтастығы, елдің тыныштығы мен халқымның амандығын ойлап саяси шараға отбасымызбен бірге келдік. Бұл үрдіс әкемізден келеді, ол кісі бір сайлаудан қалмайтын, бізді де ерте жүретін. Әр азаматтың дауысы қазақ елімнің келешегі үшін маңызды екенін ұмытпа балам деп айтушы еді», – дейді ақсақал.

Түркістан қаласындағы Қожа Ах­мет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түр­ік университетінің мәдениет орталығында орналасқан №133 сайлау учаскесінде 2 773 сайлаушы тіркелген.

Бегахмет Абусейітов, Түркістан қаласындағы №133 сайлау комиссиясының төрағасы:
«Өздерің байқадыңдар біздің учаскеде ұйымдардан байқаушылар қатысуда. Байқаушылар жеті ұйымнан қатысып жатыр. Барлығы заң шеңберінде, ешқандай заңбұзушылық тіркелмеген».

Кезектен тыс президент сайлауына алғашқы қатысып жатқандардың қатарында ХҚТУ студенттері бар. Олар бүгінгі таңдау -болашағымыз сондықтан міндетті түрде сайлауға келдік дейді.

Түркістан облысы бой­ынша 919 сайлау учас­кесі бар. Оның 50-і облыс орталығында ор­наласқан. Сайлау уча­скелерінің 893-і аза­маттардың тұрғылықты жері бойынша және 26-ы уақытша болу оры­ндарындағы сайлау уч­аскелері. Нақты айтсақ, 5 – әскери бөлімде, 1 – шипажа­йда, 16 – емдеу меке­месінде, 4 – уақытша ұстау изоляторында.

Облыста 1 163 860 сайлаушы дауыс беру құқығына ие. Науқанды бақылауға 2 229 комиссия мүшесі бекітілген. Сайлауда мүгедектігі бар азаматтар үшін жағдай жасалынған. Қазіргі таңда облыста 97 101 мүгедектігі бар азамат тұрады. Олардың 60 пайызы сай­лауда дауыс беру құқ­ығына ие.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жас­ау үшін учаскелерде арнайы бұрыштар орна­тылған. Одан бөлек, 36 инватакси, 42 әле­уметтік такси, есту қабілеттері нашар аз­аматтар үшін 101 ымд­ау маманы қызмет көр­сетіп жатыр. Облыс аумағында сайл­ау күні қоғамдық көл­іктер тегін қызмет көрсетуде.

Шынар Оразова