Осы айдан бастап Арыс пен Алматыны жалғайтын жаңа теміржол бағыты ашылды. Бұл тұрғындар үшін шынында да көптен күткен қуанышты жаңалық болды.
Мамандардың айтуыныша, жаңа бағыт ашу жолаушылар пойыздарында қызметті жақсарту мақсатында жүзеге асырылып отыр. Айта кетейік, № 61/62-ші «Алматы-Арыс» жүйрік пойызы 12 бағыт бойынша қатынайды. Алматыдан жұма күні, Арыс қаласынан сенбі сайын, аптасына 1 рет жолға шығатын пойыз құрамында 10 вагон, 5 купе, 5 плацкарт бар. Жолаушылар ағымының деңгейіне қарай Отар, Шу, Жамбыл, Түлкібас, Шымкент станцияларында қосымша вагондар қосылатын болады.
Пойыздардың жүру кестесінің күзгі уақытқа ауысуына байланысты теміржол вокзалында үнемі түсініспеушілік орын алып жатады. Пойыздан қалып қойған жолаушылар жиілейді. Осы ретте өз оқырмандарымызға Шымкент теміржол вокзалы арқылы өтетін пойыздардың жүру кестесін ұсынуды жөн көріп отырмыз.
Ескерту: кестедегі сағат Астана уақытымен беріліп отыр.