Úı Jańalyqtar Жаңа жылды тойлауға 17 млн теңге бөлінді

Жаңа жылды тойлауға 17 млн теңге бөлінді

Облыс орталығы Шымкент көшелерін жаңа жылдық мерекеге безендіру үшін бюджеттен 14 млн теңге бөлінді
Облыс орталығы Шымкент көшелерін  жаңа жылдық мерекеге безендіру үшін бюджеттен 14 млн теңге бөлінді
Облыс орталығы Шымкент көшелерін жаңа жылдық мерекеге безендіру үшін бюджеттен 14 млн теңге бөлінді

Облыс орталығы Шымкент көшелерін жаңа жылдық мерекеге безендіру үшін бюджеттен 14 млн теңге бөлінді. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан бұл ақпаратқа сенсек, бұған қосымша 2,5 млн теңге көпшілік мерекелік іс-шараларды өткізуге қарастырылған.

Ал Президент шыршасын өткізуге 700 мың теңге бөлінеді. Жаңажылдық мерекелеу іс-шарасы аясында қаладағы 110 жетім бала жылы киіммен қамтамасыз етілмек екен. Алайда негізгі Шырша Шымкентте Тәуелсіздік күнін атап өткеннен кейін барып қана безендіріледі. Жалпы облыс орталығында биыл да негізгі деген 4 шырша бой көтермек. Олар: Тәуелсіздік, әл-Фараби алаңы, Шәмші аллеясы мен Мұз сарайының алдына қойылмақ.