Úı ANONS Жаңа жыл түні 102 жедел желісіне 400-ден аса қоңырау түсті

Жаңа жыл түні 102 жедел желісіне 400-ден аса қоңырау түсті

фото ТОПД
Түркістан облысында Жаңа жыл түні 102 жедел желісіне 400-ден аса қоңырау түсті. Барлығы өз жанұяларында асыға күтетін Жаңа жыл мерекесін Түркістан облысының полицейлері жұмыста өткізді. Тәулік бойы күшейтілген күн тәртібімен қызметке түсті. Патрульдік нарядтардың саны көбейтіліп, қызмет көрсету маршруттары белгіленді. Азаматтардың жаппай жиналатын орындары мен ойын-сауық орталықтары бақылауға алынды.
Тәртіп сақшыларының жұмысы нәтижесінде Жаңа жыл тыныш өтті. Облыс көлемінде аса ауыр қылмыс мүлдем тіркелмеді. Ешқандай оқыс оқиға орын алмады.
Жалпы 102 арнасына 424 хабарлама келіп түсіп, дер кезінде полиция тарапынан шаралар қабылданды. Оның ішінде жол қозғалысы, түн тыныштығын бұзу, қоғамдық орындарда масаң күйде жүру, тағы басқа да құқық бұзушылықтар туралы.