Түркістан облысында Жаңа жыл түні перзентханаларда 29 сәби өмірге келді. Оның ішінде 18 ұл және 11 қыз бала дүниеге келген.
Медицина мамандарының мәліметінше, жаңа жыл қарсаңында туған нәрестелер мен олардың аналарының жағдайы қанағаттанарлық, барлығы дәрігерлердің тұрақты бақылауында.
Айта кетейік, Түркістан облысы республика көлемінде бала туу көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда.







