Жеңімпаз спортшылар баспаналы болды

Біржан Жақыповқа мақтау қағазымен қатар 2 бөлмелі пәтер кілті берілді
Біржан Жақыповқа мақтау қағазымен қатар 2 бөлмелі пәтер кілті берілді

 Шымкенттің біраз спортшылары баспаналы болды. Олар – бокстан жаһан біріншілігін бағындырып, алтын медальді иемденген Біржан Жақыпов, күміс жүлдегер Қайрат Ералиев және суда жүзуден үздік атанған Анастасия Прилепа. Байрақты бәсекеде жоғары белестен көрінген спортшыларға 1 және 2 бөлмелі пәтер кіліттерін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың өзі табыстады. Өңір басшысы саңлақтарымызға алдағы жарыстарда да сәттілік тілеп, өз алғысын білдірді. Сонымен қатар белгілі боксшылардың жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановтың да еңбегі елеусіз қалмады. Жаттықтырушыға баспананың бағасындай ақша табысталды. 

124

Біржан Жақыповқа мақтау қағазымен қатар 2 бөлмелі пәтер кілті берілді
Біржан Жақыповқа мақтау қағазымен қатар 2 бөлмелі пәтердің кілтіне ие болды

Қайрат Ералиев, халықаралық дәрежедегі спорт шебері: «Бізді елеп, ескеріп, осындай қолдау көрсетіп отырған басшыларға үлкен рахметімізді айтамыз. Жас спортшылардың осындай қолдауларды көріп, спортқа деген қызығушылықтары артады деп ойлаймын. Ал біз мемлекетіміз осылай қамқорлық көрсетіп отырғанда жеңісті қолдан бермейміз деп сенемін.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=C0PoYpcCPCY[/youtube]