Жылу маусымы басталғаннан бері 45 адам уланып, 22-сі мерт болды

182

Оңтүстік Қазақстан облысында жылыту маусымы басталғалы адамдардың иіс газымен улануының 12 оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 43 адам зардап шекті. Ең сорақысы – 22 адам мерт болған.

 Бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаментінің мамандары хабарлайды. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда бұл қайғылы жағдай екі есеге артыпты. Мұның басты себебін төтенше жағдай қызметкерлері пеш және өзге де жылыту қондырғыларын қолдануда сақтық шараларының сақтамауы және тұрғындардың қауіпсіздік ережелерін толық біле бермейтінімен түсіндіреді.