Жаңалықтар 

Шымкенттегі жаңа Қаратау ауданының полиция бөлімі ашылды

Шымкентте Қаратау ауданының өз полиция бөлімі ашылды. Жаңа нысанның ашылу салтанатына жергілікті билік өкілдері мен ішкі істер департаментінің басшылығы арнайы қатысты. Қонақтар полиция бөлімінің дерекқорларымен танысты. Кезекші бөлімді аралап көрді. Облыс әкімдігі тарапынан полиция бөлімінің ғимаратын жалға алу үшін 2015 жылға бюджеттен 28 млн. теңге қаржы бөлінді. Айта кетейік, жаңадан құрылған ауданның аумағы 32 256 гектарды құрайды. Ауданның құрылымында 32 елдімекен бар. 32 жалпы білім беретін мектеп, 33 балабақша, 3 колледж, 23 медициналық мекеме, 4 кітапхана, 6 спорт кешені, 5 базар, 5 ірі сауда және 45 өнеркәсіп орталықтары жұмыс істейді….

Read More
Оқыс оқиға 

Жарылыстан зардап шеккен әйел қаза тапты

Үйіндегі газ құбыры жарылып, соның салдарынан зардап шеккен әйел қаза тапты. Науқас ауруханада көз жұмған. Денесі күйіп, жарақат алған 51 жастағы әйел дәрігерлердің бақылауында 19 күн бойы жатты. Өкінішке орай, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Еске сала кетейік, бұл жарылыс 2-желтоқсан күні Шымкеттегі 178-орамда орын алған еді. Қираған үйдің астында 51 жастағы кісі мен оның 10 жасар қызы зардап шеккен. Осы қайғылы жағдайды тексерген арнайы комиссия мүшелері жарылысқа үй иелерінің өздері кінәлі деп мәлімдеді.

Read More
Жаңалықтар 

Жанармай тағы да арзандады

Қазақстанда жанар-жағармай бағасы тағы да арзандап отыр. Бұл туралы энергетика министі Владимир Школьниктің жарлығы шықты. Енді дизельді отынның 1 литрі — 107 теңге, ал АИ-92 маркалы жанармай 109 теңге тұрады. 2014 жылдың 30-желтоқсаны күні энергетика министрінің Ұлттық экономика министрлігімен келісілген № 229 бұйрығы шықты. Оған сәйкес энергетика министрінің 2014 жылдың 10-желтоқсаны күнгі № 193 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізіліп отыр: «1 пункте «115» саны «109» санына өзгертілсін.» Бұл туралы энергетика министрлігінің сайты жазады. Осыған сәйкес Қазақстандағы жанар-жағармайды сату бағасы қосымша құн салығымен қоса есептегенде төмендегідей болып бекітіледі: Дизелді отынның 1 литрі…

Read More
Жаңалықтар 

Оңтүстіктің әкімі — бірінші орында

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі желтоқсандағы рейтингте 1-орынды иемденді. Жылдың соңғы айында қай әкім қандай жетістіктерге жеткенін «Саясат-Monitoring» тобы анықтаған. Ол үшін желтоқсанның 25-нен 28-іне дейін арнайы сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 27 саясаттанушы, қоғам қайраткерлері, блогерлер, политтехнологтар мен журналистер қатысты. Соның қорытындысы негізінде сарапшылар рейтингтің төрін ОҚО әкімі Асқар Мырзахметовке берді. Оның жетістігіне респонденттер мемлекеттік сыйлық алғаны мен Елбасының Оңтүстікке бір жылда екі рет іс-сапармен келгенің қосты.

Read More
Жаңалықтар 

Баспанасыз қалған балалар да жаңа жылды мерекеледі

Газ құбырының жарылысынан зардап шеккен шымкенттік 8 отбасының балалары да мерекеде назарсыз қалмады. Бүгін Еңбекші ауданының әкімдігі бұл отбасылар орналастырылған жатақханада жаңа жылдық кеш өткізді. Жас ерекшелігі әр түрлі 10 бүлдіршінді құттықтауға келген аяз ата мен қарша қыз бар өнерін салып, балғындарға мерекелік бағдарлама дайындапты. Бұл кеште барлығы өлең айтып, би биледі. Оларға сыйлықтар да берілді. Естеріңізге салар болсақ, 20-желтоқсан күні Ақназархан көшесінің бойындағы екі қабатты үйде газ құбырындағы ақаудың салдарынан жарылыс болып, 1956 жылы тұрғызылғын үйдің қабырғалары құлаған болатын. Соның салдарынан 8 пәтер мүлде жарамсыз болып қалды. Абырой болғанда…

Read More
Оқыс оқиға 

Өз әпкесін өлтірген адам сотталды

Шымкентте естіген адамның жағасын ұстатқан іске нүкте қойылды. Жазда қаладағы қоқысханадан қинап өлтірілген белгісіз әйелдің денесі табылған болатын. Араға ұзақ уақыт салып, қылмыскер де анықталады. Ең сұмдығы — адам өлтіргіш марқұмның туған бауыры болып шықты. Күні кеше осы іске нүкте қойылды. Жас жігіт бұл қылмысты алдын ала жоспарлаған болып шықты. Ол өз әпкесін күтіп алып, оны жалдамалы пәтерге апарған. Сол жерде олардың арасында ақша мәселесі бойынша жанжал туындаған. Түнде марқұмның ұйықтап қалєанын пайдаланған інісі бірнеше рет пышақ сұғады. Ұзақ уақытқа созылған процестен кейін сот айыптыны 17 жылға бас бостандығынан айыру…

Read More