Кәнігі ұры қылмыс үстінде ұсталды

376
Қылмыс үстінде ұсталған жігіт

Жол-патрульдік полициясының қызметкерлері үй тонау әрекетін ізін суытпай ашты. Бөтеннің үйіне түскен ұры қылмыс жасап жатқан жерде қолға түсті.

Қылмыс үстінде ұсталған жігіт
Қылмыс үстінде ұсталған жігіт

Бұл қылмыс жайында ұрлық болған көшенің тұрғыны хабарлаған. Оқиға орнына сол ауданда кезекшілікте жүрген полиция экипажы жедел жетті. Анық болғаны, ұры үйлердің қоңырауын басып, тексеріп жүрген. Содан кейін ешкім шықпаған үйге кіріп кетіпті. Оны сырттан көрген азамат дереу үйдің иесіне, яғни, көршісіне хабарласқан. Үйге қонақ келмейтінін білген соң полицияға хабарласқан.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=iFpwTngwdTE[/youtube]

Оқиға Адырбеков көшесінің бойында орын алды. Абырой болғанда полиция қызметкерлері де сол маңға жақын жүр екен. Тез келе қалған полицейлер үйге жан-жақтан кіріп, 25 жастағы ұрыны бірден ұстайды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=YzaQcUZu4Ag[/youtube]

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ұсталған жігіт осындай үй тонаумен үнемі айналысатын көрінеді. Әбден әккі болғаны сонша, ұстатпай, адамдарды қақ қақсатып кетіп жүрген. Өзі қолғап киіп жүріп, ұсталмаудың бар амалын жасайды екен. Дегенмен, бұл жолы алысқа ұзай алмады. Қолға түскен соң сезікті жергілікті полиция бөліміне жеткізілді.