«Қазақзергердің» әшекейлерін екі есе арзанға сатып алыңыз

371

Зергерлік бұйымдарды жарты бағасына тек бес күн ішінде ғана сатып алудың мүмкіндігі туды. «Қазақзергер» салоны осындай шара ұйымдастырып отыр.  Шымкенттегі Мұхаммед-Хайдар Дулати көшесі, № 9 үйде орналасқан «Қазақзергер» салонында сәуірдің 18-і мен 22-і аралығында Украина, Белоруссия, Армения асыл тастары, әшекейлері сатылымға шығады.

«Қазақзергер» салонының Қазақстан бойынша 18 бөлімшесі бар. Барлығынан бірдей тек сапалы, бағалы бұйымдарды табасыз. Жарқ-жұрқ еткен жақұт, көздің жауын алған гауһар тас, алтын мен маржан — кез келгеннің «көз құрты». «Қазақзергер» ұсынып отырған эксклюзивті бойтұмар, ұлттық нақыштағы сырғалар сәніңізді арттырады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=4tYCzdPfb7w[/youtube]

Григориян, «Қазақзергер» АҚ-ның гемологы: «Біздің сатылым-көрмемізде қайталанбас қолөнер туындылары қойылады. Өйткені, дара заттарды басқа еш жерден таппайсыздар. Бағасы да жеңілдетілген. Клиенттер үшін бар жағдайды жасап отырмыз.»

Динара Төребек, «Қазақзергердің» тұрақты сатып алушысы: «Мұнда тек сапасы бағасына сай, құрамы таза әшекейлерді сатып аласың. Ал сатылым-көрменің біз үшін пайдасы көп. Біз отбасымызбен зергерлік бұйымдарды тек осы салоннан сатып аламыз. Елу пайыздық жеңілдік, тіпті, бұрын болмаған жағдай. Сондықтан бұл мүмкіндікті жіберіп алуға болмайды.»

«Қазақзергер» салонындағы барлық бұйымға бірдей жеңілдіктер жасалған.

Эльмира Бекманова, «Қазақзергер» АҚ ШФ-ның директоры: «Шымкент қаласының тұрғындарын сатылым көрмеге-келуге шақырамыз. Сәуірдің 18-22-і аралығында бес күн бойында мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар. Біз сіздерді күтеміз.»

Ендеше, жақыныңызды қуантып, сүйіктіңіздің жүрегін жаулап алу үшін «Қазақзергердің» жеңілдетілген бағадағы сатылым-көрмесіне келіңіз. Мекенжайы: Шымкент қаласы, Дулати көшесі, № 9 үй.