Қанша зейнетақы алдыңыз?

Елбасының тапсырмасына сай 1 сәуірден бастап зейнетақы – 14%, жәрдемақы – 12 % артты

Елбасының тапсырмасына сай 1 сәуірден бастап зейнетақы – 14%, жәрдемақы – 12 % артты. Естеріңізде болса бұған дейін де бұл жайлы ақпарат берген болатынбыз. Десек те, оқырмандар тарапынан «зейнетақыға қосылған үстемені сәуірдің 1-інен бастап ала аламыз ба?» деген сауалдар көп түсіп жатқандықтан біз бұл сауалға мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы ОҚО филиалы директорының орынбасары, Шымкент қалалық бөлімшесінің бастығы Несібелі Қаражанованың жауап беруін өтінген едік. 

Елбасының тапсырмасына сай 1 сәуірден бастап зейнетақы – 14%, жәрдемақы – 12 % артты
Елбасының тапсырмасына сай 1 сәуірден бастап зейнетақы – 14%, жәрдемақы – 12 % артты

– Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы мөлшері қаңтардағы 9% үстемені қоса есептегенде 14% артты. Жәрдемақының мөлшері де 12% көбейді. Осы орайда айлық есептік көрсеткіш – 1 939 теңге, ал ең төменгі күнкөріс деңгейі – 20 900 теңге болып бекітілді. Базалық зейнетақы – 10 450 теңгеге (күн көріс деңгейінің 50%) ұлғайды. Ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш өзгергендіктен негізгі әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері 1 сәуірден бастап біршама артып отыр, – дейді Несібелі Қаражанова. 

Бүгінгі таңда қала бойынша – 192 052 төлем мөлшері қайта есептеліпті. Маманның сөзіне сүйенсек, төлемдер республикалық бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен төленеді екен. Республикалық бюджеттен: жасына байланысты берілетін зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, базалық зейнетақы төлемдері жүргізілсе, мемлекеттік сақтандыру қоры есебінен: асыраушысынан айырылғандар, мүгедектер, жұмысынан айырылыған азаматтар мен жұмыс өтілі бар, жаңа заңнамаға сәйкес, әлеуметтік аударылым жүргізілген аналар 1 жасқа дейін бала күтімі үшін жәрдемақы алады. Айта кетейік, Шымкентте жасына байланысты зейнетақы алатын зейнеткерлердің саны — 52 083, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындар саны — 26553, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатындардың саны — 48112 құрап отыр. Ал, базалық зейнетақы — 53 848 адамға беріледі екен.

Айжан ЕРМЕКҚЫЗЫ