Ел аумағында «Қару» акциясының кезекті кезеңі басталды. Үкіметтің 2007 жылғы нұсқауымен халықтың қолындағы тіркелмеген қаруды сатып алу акциясы 2012-2013 жылдары да ұйымдастырылды. Шараның алғашқы жылы Оңтүстік тұрығындары полицияға 2214 дана қару өткізген.
Өткен жылғы акция барысында жіргілікті жұртшылық өз еркімен 578 қаруды құзырлы огранға тапсырды. Қолда бар қарудан құтылғысы келгендердің көп болғаны соншалықты, қазынадан оны сатып алуға бөлінген 39 миллион теңге жетпей қалған болатын. Содан қалған 6 миллион 800 мың теңге қарыз осы жылдың мамыр айына дейін толық өтеледі дейді тәртіп сақшылары. Еске сала кетейік, заңсыз сақтаған қаруды акция барсында өз еркімен тапсырған азаматтар жауаптан болсатылып, өтемақы алады.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=6hgBmC8q-qk[/youtube]