Қауіпсіздік эстафетасы айлығы басталды

625
Шәкірттер жарақат таңудың жолын көрді

«Қауіпсіздік эстафетасын тапсырайық!» шарасы сән-салтанатымен басталды. Шымкент қалалық химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары жол ережелері жөнінде сауаттарын арттырды. Шәкірттердің айтуынша, бұл іс-шаралар адам өмірін ғана сақтамайды, қоғамдағы келеңсіз жағдайлардың да алдын алады.

қауіпсіздік эстафетасы басталды

Мақсат Байтілеуов, оқушы: «Бүгін, біріншіден, біз техникалық қауіпсіздікті білдік. Және де жолда жүру ережелерін үйрендік. Ережелерде біз жаяу жүргіншілердің жолағы арқылы ғана өтетінін көрдік. Және де осы ережені бұзған адамға айыпппұл салынатынын білдік. Ең маңыздысы, алғашқы медицинадағы көмек көрсетуді үйрендік.»

Мамандар жол жүру ережелерін түсіндірді
Оқушылардың қатысуымен жол ережесін түсіндурі

Эстафетаның салтанатты ашылу рәсіміне мектеп әкімшілігімен қатар облыстық ішкі істер департаментінің полиция қызметкерлері, жол-патрульдік полиция полкінің өкілдері қатысты. Қауіпсіздік шарасы аясында оқушыларға жол ережелері түсіндірілді. Ереже бұзылған жағдайда әкімшілік айыппұл салынатыны да қатаң ескертілді.

Оқушылар медициналық алғашқы көмек көрсету
Оқушылар алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренді

Есболған Мейрамбек, жол-патрульдік полиция полкінің кіші сержанты: «Таңғы уақытта менің әріптестерім қаламыздағы мектептерге барып, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Тіпті түскі үзілісте де мамандар арнайы барып, жол ережелерін еске салып тұрады. Сонда ғана қайғылы жағдайдың алдын аламыз деп ойлаймын.»

Шәкірттер жарақат таңудың жолын көрді
Шәкірттер жарақат таңуды пысықтады

Қауіпсіздік шаралары өзге де мектептерде жалғасын табатын болды. Айта кетейік, бүгінде химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде 590 оқушы білім алып жүр. Оларға 220 ұстаз білім береді.