Сот шешімі дер кезінде орындалмайды. Басшылар жұмысқа қалаған адамын алады. Ал балабақшада мүлдем тәжірибесі жоқ мамандар қызметке қабылданған. Тәртіптік кеңестің кезекті отырысында заңды белден басқан бастықтардың мәселесі қаралды.
Тәртіптік кеңес отырысына жиналғандар бірінші болып сот актілерін орындау департаментінің Қазығұрт аумақтық бөлімі басшысының ісін қарады. Арызданушылар алимент өндіріп бермек түгілі хатымызға жауап ала алмаймыз деп шағымданған. Бірінші рет емес, бірнеше рет тәртіптік кеңеске түсіп отырған аумақтық басшыны орнынан алып тастау мүмкін емес екен.
Ал Төлеби ауданындағы Қоғалы ауылының әкімі ауылдағы балабақша меңгерушісін ешқандай конкурс өткізбей тағайындай салыпты. Ешқандай заң бұзған жоқпын деген ауыл әкімінің жауабы да дайын болып шықты. «»Жұмыспен қамту — 2020″ бағдарламасы бекітілген. Сол жерде анық айтылған. Әр деңгейдегі әкімдер соны бастамаға алу керек. Жұмыспен қамту мекемесіне сұраныс жіберіп, жұмыссыз есепте тұрған азаматшаны солардың жолдамасы негізінде қабылдап алғанмын» дейді әкім өз жауабында.
Есесіне, жұмысқа оңай орналасқан балабақша меңгерушісі көзді жұмып, қолында дипломы жоқ екі сырттай оқитын студентті тәрбиеші етіп жұмысқа қабылдапты. Ауылдағы былықтың бетін Төлеби аудандық прокурорлары ашып, тәртіптік шара көруді сұранды.
Ернұр Нысанов, Төлеби ауданы прокурорының көмекшісі: «ҚР білім министрлігінің қаулысына сәйкес, мектепке дейінгі мекемеде тәрбиеші болып қызмет атқару үшін дипломы әрі 2-3 жылдық еңбек өтілімі болу керек.»
Тәртіптік кеңестің Қазығұрт аумақтық сот орындаушысын қызметтен босату туралы ұсыныс жасалды. Ал ауыл әкімінің мәселесі май шаммен қаралатын болды. Сондай-ақ, Қазығүрт, Сарыағаш аудандарының да шенеуніктерінің тәртібі қаралып, қатаң ескерту берілді.